№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ата Заң – ел бірлігінің асқақ айбары

Ата Заң – ел бірлігінің асқақ айбары


Биыл Ата Заңымыздың қабылданғанына 25 жыл. Бұл құжаттың қабылдануы еліміздің тұрақтылығы мен алтын қазығын, бағыт-бағдарын бекемдеп, келешектің кепіліне айналуына ірге қалады. Ең бастысы Конституция ел Тәуелсіздігін айқындайтын құжат. Сонысымен қастерлі, қадірлі.


Осы айтулы күні аудан әкім­дігінің мәжіліс залында аудан әкімінің міндетін атқарушы Дархан Тұрсынбаев түрлі салаға еңбегі сіңген азаматтар мен мемлекеттік қызметкерлерді қабылдап, құттық­тауын жеткізді.
– Конституция Мәңгілік ел идея­сын орнықтыруға бет түзеген, жасампаз елдің салтанат құруына, іргесінің берік болуы мақсатында ел мүддесі үшін жұмыс атқарып келеді. Жалпыхалықтық сипатқа ие мерекенің ел кемелділігінің негізгі арқауы деп мәлімдеуге толық негіз бар. Өйткені сан ғасырдан бері қиын-қыстау кезеңді бастан кешірген ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіздіктің орны ерекше, оны одан әрі сақтап, келешек ұрпаққа аманаттау біздің парызымыз, – деді Дархан Есалыұлы.
Одан әрі бірлігіміз бен тұрақты­лылғымызды бекітіп берген осынау мереке қарсаңында қоғамға еңбегі сіңген түрлі сала мамандары «Қазақстан Конституциясына – 25 жыл» мерекелік медалімен мара­патталды. Олардың қатарында білім саласының ардагер ұстазы Зинабдин Шермағамбетов, денсау­лық саласының ардагері Талғат Абылаев, білім бөлімінің басшысы Болат Ибрагимов, Қожакент ауылдық округінің әкімі Әсілбек Айтжа­нов, аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі бас­шысының орынбасары Жамур Мүсілім, ел ағасы, ауданымыздың рухани кемелденуіне өз үлесін қосқан, бұрынғы бас имам Садулла Омаров, аудан әкімі аппаратының бөлім басшысы Шерхан Ашимов, «Талдысу-1» шаруақожалығының төрағасы Ғабит Исаев, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағ­дар­ламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы Тумырзаева Сәуле, М.Нәлібаев ауылдық клуб үйінің меңгеруішісі Майра Таубаева және №8 аудан­дық олимпиадалық резерв­тің маман­дандырылған бала­лар-жас­өс­пірімдер мектебінің дирек­торы Әбдісаттар Садықов марапат биігі­нен көрінді.
Ел ағасы Зинабдин Шерма­ғамбетов жиынға қатысушыларды Консти­туция күнімен құттықтап, оның адам өмірі мен бостандығы, құқығы сынды ең жоғарғы құндылықта алатын ерекшелігіне тоқталып, қоғамның дамуы мен өркендеуіне үлес қосқан маман­дарды елеп-ескеріп, құттықтағаны үшін алғысын айтты.
Ата Заңда мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы – халық делінген. Ендеше ата заңымыздың ел игілігіне бағытталғанына сеніп, соның арқасында қол артқан игіліктеріміздің баршасы тұтас елдің жетістігі, әрбіріміздің жетістігіміз екендігіне сенейік. Бейбіт ел болып, береке-бірлігіміз арта берсін!

Лаура БИБАСАРОВА

29 тамыз 2020 ж. 612 0