№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ата заңым – азат елдің ар-намысы

Ата заңым – азат елдің ар-намысы


Егемен елде еңселі өркендеуге бет түзеген жасампаз ұлттың ұлы миссиясы – «Мәңгілік ел» болу талабына тұғырлы негіз қалап, құқықтың сара жолын салып берген Алтын Заңның әрбір әрпі қастерлі, қасиетті.
Қазақстан Республикасы Конституция­сының негізгі қаланған 30-тамыз ерекше қуанышты күн ретінде халық жүрегінен ойып орын алған. Бұл күнге айрықша реңк сыйлаған аудандық мәдениет бөлімі өнерпаздары бұл жолы жалынды құттықтауға көмкерілген көрікті шараны кең даланы жаңғырта асқақтаған әуезді әнмен көмкеріп, Мәдениет сарайы алаңқайында ұйымдастырылған флешмобпен бастады. Өнер отауының фойесіне қоныс тепкен аудандық тарихи-өлкетану музейі қызметкерлері жасақтаған көненің көзі – археологиялық мұралар бұрышы мен аудандық кітапхананың атаулы күнге орайластырған шежіре көрмесі Ата заңның тарихынан сыр шертіп тұрғандай әсер қалдырды. Театр сахнасында жалғасын тапқан «Ата заңым – айбыным» атты әдеби композиция көркемсөз оқу шеберлерінің асқақ пафосты жыр тарауын тарту етті.
Тәуелсіздік тұғырына төрлеген қазақ елінің әлеуеті күшті Ата заңы қабылданған күнге арналған салтанатты кешті аудан әкімі Ғалым Махмұтбайұлы ашты.
– Күллі халықтың талқысынан өтіп, ел игілігіне айналған Ата Заңымыз біздің мемлекетіміздің басты төлқұжаты болып саналады. Конституция – арайлы азаттығымыздың айғағы, жарқын болашағымыздың бұлжымас бағдары, – дей келе, айтулы мерекеге зор табыспен келген аудан халқының қол жеткен жетістіктері турасында тарқата айтып өтті. Атаулы күнге кәсіби қызметінде адал да, қажырлы үлгі-өнегесімен танылып, толымды табыстарымен келген түрлі сала бойынша 13 қызметкерді аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады.
Келесі бөлім – концерттік бағдарлама дәстүрлі жыр шашудан басталды. Домбырашылар ансамблі Құрманғазының күйі «Балбырауынды» орындап, жаңа жанрды сахнаға алып шыққан Балтабай Айғаным мен Ибадулла Әсел прима мен қобыз аспабында қазақ композиторлары әндерінен попурри орындады. Инструментальды квартет орындауында «Фантазия» композициясы да Түркияда шығармашылығын шыңдап жүрген жерлесіміз Ержан Арқабаевтың туған елге тартуындай көрерменге керемет көңіл-күй сыйлады.
Қыздар триосының «Қазағым» әні, балалар хоры шырқаған «Қызылорда» әні, Шәрбану Жиенбаева шәкірттерінің өнер өрісі, «Мен қазақпын» патриоттық әнімен әр кеудені мақтаныш кернеп, төлтуманың құдіреті сондай, әркім-ақ қазақ болып туғанына осы кеште мәртебесі бір биіктеп, шын марқайып, шын қуанысып тарқасты.

Баян Үсейінова.
30 тамыз 2018 ж. 1 262 0