№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Конституция – Егемендіктің ірге тасы

Конституция – Егемендіктің ірге тасы

12 маусым 2020 жылы Жаңақорған аудандық сотында «Конституция – Егемендіктің ірге тасы» тақырыбында семинар өткізілді.

Іс-шараға аудандық соттың судьясы Э.Рыскулов, бейне-конференциялық байланыс арқылы Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары Р.Султанкулов, Жаңақорған ауданы бойынша заң кеңес беру бөлімінің адвокаты Г.Увайдаеваның, Жаңақорған аудандық прокуратыраның прокуроры Н.Оразметов, Жаңақорған ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының өкілі С.Сайымбаев, Жаңақорған ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің өкілі Г.Абдуллаева, кәсіби медиатор А.Баймуратов қатысты.

Аудандық соттың судьясы Э.Рыскулов өз сөзінде еліміздің заңнамалары уақыт талаптары ескеріле отырып үнемі жаңғырып, толықтырылып, өзгертіліп отыратындығын, экономика, ғылым және өркениет қарқынды дамыған сайын қоғам да, заңнамалар да соған сай уақыт өзгерісіне бейімделетіндігін, Ата заңымыздың қабылданғанына биыл 25 жыл толғанын, Ата заңымызға сәйкес еліміз өркениетті даму жолына түскен әлеуметтік, демократиялық, құқықтық мемлекет екенін атап өтті.

1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Конституциямыз тәуелсіз Қазақстан үшін көптеген жаңа мүмкіндіктерге бастайтын жол ашып берді.

Адамдардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының, еркіндіктерінің, заңды мүдделерінің бұзылмауы, сақталуы, қорғалуы мәселесіне мемлекет үлкен мән беріп, заңдық тұрғыдан қамтамасыз ету шараларын қабылдады.

Семинар қатысушылар өзара пікір алмасып, тақырыпқа байланысты мәселелер бойынша өзара талқылап пікір алмасып, тақырыптың маңыздылығын атап өтті.
Қайнар:
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
13 маусым 2020 ж. 433 0