№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Туған жерге туыңды тік»

«Туған жерге туыңды тік»


Әбдіғаппар ауылдық клуб үйінде ауыл жастары арасында «Туған жерге туыңды тік» атты жастар арасында дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты жастардың туған жерге деген патриоттық сезімін, сүйіспеншілігін ояту. Дөңгелек үстел барысында ауылдың жанашыры, Әбдіғаппар ауылының дамуына зор үлесін қосып жүрген Тұрсынбаев Дархан Есалыұлының еңбек жолы, өмір тарихы, ауылдың дамуы үшін атқарып жүрген демеушілік жұмыстары жайлы жастарға үлгі, өнеге
 ретінде таныстырылды.
Тұрсынбаев Дархан Есалыұлы осы «Қыркеңсе» топырағында дүниеге келіп, еліміздің өзге жерлерінде қызмет жасап жүрседе өзі өскен ауылға көңіл бөліп, туылған жерінің дамуына зор үлесін қосып жүрген азамат. Тұрсынбаев Дархан Есалыұлы «Қыркеңсе» ауылдық округі Әбдіғаппар елді-мекеніне жастардың бос уақытын тиімді пайдалану және саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында күрес залын ашты және жылда қазақша күрестен ауданаралық жарыстар ұйымдастырып, демеушілік жасауда. Сонымен қатар, ауыл жастарының спорттық жарыстарға қатысуға, жастардың өмірден өз орнын табуға көп септігін тигізуде. Тұрсынбаев Дархан Есалыұлының еңбек жолы, туған жерін түлетуге қосқан ерен еңбегі, елге деген сүйіспеншілігі ауыл жастарына кереметтей үлгі болатын дара жол.
Тұрсынбаев Дархан Есалыұлы 1975 жылы 27 тамызда Қызылорда облысы Жаңақорған
ауданында дүниеге келген.
1982-1992 жылдар аралығында Жаңақорған ауданының №213 орта мектебінде оқып, күміс
медалімен аяқтаған.
1992-1996 жылдары Хожа-Ахмет Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің «Құқықтану»
факультетінде оқып, «Заңгер» біліктілігін алған.
29.07.1996-06.10.1997ж. – Жаңақорған ауданында «Қыркеңсе» ЖШС-нің статисті болып
жұмыс жасаған.
15.07.1998-26.11.1999ж. – Астана қаласында Сот орындаушылары мен приставтары
департаментінің, Алматы аудандық сотының Сот қаулыларын орындау департаментінің сот
орындаушысы қызметтерін атқарған.
01.03.2000-12.05.2004ж. – Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық прокурорының
көмекшісі, аға көмекшісі қызметтерін атқарған.
12.05.2004-12.07.2010ж. – Маңғыстау облысы Соттар әкімшісінің атқарушылық өндірісі
бойынша орынбасары;
12.07.2010-25.01.2011ж. – Батыс Қазақстан облысының Соттар әкімшісі қызметтерін
атқарған.
25.01.2011-28.01.2016ж. – ҚР Жоғарғы Соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету
Департаментінің Маңғыстау облысы бойынша басшысы қызметін атқарған.
28.01.2016-22.02.2016ж. – Маңғыстау облысы бойынша соттар әкімшісінің басшысы қызметін атқарған.
03.03.2016-01.11.2017ж. – Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық сотының судьясы қызметін
атқарған.
16 наурыз 2018 ж. 1 396 0