№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мемлекеттік қызмет – мерейлі міндет

Мемлекеттік қызмет – мерейлі міндет

Елдің экономикалық әлеуеті өсіп, айбыны артуда – мемлекеттік қызмет көрсету саласының бәсекеге қабілетті болуы маңызды. Мұны Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев “100 нақты қадамында” нақты айтты. Яғни мемлекеттік қызметтің жаңа Этикалық кодексін жасау (12-қадам) міндеттері мен оларға қатысты нақты мәселелер мемлекеттік қызмет саласын жаңа деңгейге көтеретіні сөзсіз. Жасыратыны жоқ, Төтенше жағдай кезінде мемлекеттік қыметшілердің кәсіби білік-білімі таразыланып, халық шынайы бағасын берді. Осы ретте, аудан әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаевты әңгімеге тарттық.  
– Мемлекеттік қызмет – ең әуелі үлкен жауапкершілік, біліктілік пен үнемі шыңдалуды талап етеді. Сондықтан сала мамандары халыққа адал қызмет етуде аянып қалмауы міндет, – дейді Дархан Есалыұлы.
«Қазақстан-2050» Стратегиясында «өте жоғары этика мен кәсібилік – тиімді мемлекеттік аппаратты құрудың негізгі өлшемі болып табылады» деп атап көрсетілген. Яғни бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшіге кәсібиліктен бөлек, адаммен тіл табыса білу, қызмет көрсетуде адамгершілік принциптерін ұстанып, мемлекеттік қызмет имиджін көрсету керек-ақ. Осы тұста, мемлекеттік қызметшілердің арасында моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастырып, дұрыс бағыт-бағдар беруде аудан әкімінің және оның орынбасарының атқарар қызметінің рөлі зор.
Дархан Тұрсынбаевтың сөзінше, ұлт жоспарын іске асыру үшін, ең алдымен, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру маңызды. Мемлекеттік қызметтің нығаюы қоғам мен мемлекеттің өзгеруіне, ең бастысы, саясаттың сабырлы әрі салмақты болуына тікелей әсер етеді. Осы тұрғыда мемлекеттік қызметті жетілдіруге бағытталған түрлі реформалар да іске асып жатыр. Әлемдегі алпауыт мемлекеттермен иық тірестіріп, бәсекеге қабілетті болуда ең әуелі мықты мемлекеттік аппарат қалыптастыру міндеті тұр.
Иә, уақыт алға жылжыған сайын мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптың мейлінше күрделенуі заңдылық. Мұның өзі мемлекеттік қызмет сапасының артуына ықпал етеді. 1999 жылдың 23 шілдесінде мемлекеттік қызметшілердің барлық міндеті мен мақсатын айқындайтын «Мемлекеттік қызмет туралы» заң қабылданды. Нормативтік құжатқа содан бері бірнеше рет толықтырулар мен түзетулер енгізілді.
Соның бірі – 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілерінің күні деп белгіленді. Мұндағы мақсат – мемлекеттік қызметкерлердің жұмысқа деген ынтасын арттырып, еңбегін назардан тыс қалдырмай марапаттау, халық пен билікті байланыстыра түсу болатын. Әрине, мұндай оң өзгеріс мемлекеттік қызметшілердің қызметіне деген сүйіспеншілігін арттырып, жақсы нәтижелерге жетуіне септігін тигізеді.
– Жылда үздік мемлекеттік қызметкерлерді марапат биігіне шығарып, өзге әріптестеріне үлгі ету дәстүрі қалыптасты. Бұл – олардың жауапкершілігін арттырып, міндетке адал болуға жігерлендіреді. Жалпы мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет. Соны әрбір әріптесіміз түсінуі тиіс. Осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Яғни халыққа ашық болып, олардың ісін тез әрі сапалы атқарып, оң нәтиже шығару керек, – деді аудан әкімінің орынбасары.
Сөз соңында Дархан Тұрсынбаев аудандағы мемлекеттік мекемелерде артық жұмыс істеу фактілерін болдырмау үнемі бақылауда екенін тілге тиек еті. Кент және ауылдық округ әкімдері мен салалық бөлім басшыларына жұмыс уақытын, еңбек тәртібін қатаң сақтау қажеттілігі ескертіліп, жұмыс нормасын сақтау тапсырылды.
Қорыта айтқанда, ұлт мəртебесін көтеріп, ел абыройын асыратын мемлекеттік қызметшілер жауапты міндет арқалап келеді. Осыны түсіну – Мәңгілік Елді көркейтудің жолы екені анық...

                               Лаура АЙДАРХАН
23 маусым 2020 ж. 1 422 0