ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ЖЕРЛЕСТЕРІН МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Құрметті жаңақорғандықтар!
Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мерейлі мерекенің ел тағдырындағы орны ерекше. Тұңғыш Президент күні – Елбасы жетістіктері мен жеңістерін ұлықтайтын, өскелең ұрпаққа нағыз елжандылық пен отансүйгіштіктің үлгісін көрсететін күн. Тәуелсіздіктің арайлы таңы атқан ширек ғасырдан астам уақыт ішінде елімізді күллі әлем танып, мойындаған еңселі мемлекетке айналдық. Қысқа мерзім ішінде Қазақстан қанатын кең жайған саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды жүзеге асырған, өзінің даму жолын тапқан бәсекеге қабілетті ел болып танылды.
Бүгінде Қазақ елі қабырғасы қатайған, төрткүл дүниемен терезесі тең, керегесі кең ел. Елбасы Н.Назарбаев сындарлы шақта бірлік пен елдікті, татулық пен достықты ту етіп, тәуелсіздікті баянды, егемендікті еңселі ете білді. Халық алдында осындай толағай белесті бағындырған Тұңғыш Президент күнін атап өту зор мәртебе.
Қадірлі жерлестер!
Сіздерді 1 желтоқсан – Тұңғыш Президенті күнімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін! Еліміздің болашағы – баянды, келешегі – кемел, бірлігіміз – берекелі, татулығымыз – берік, Еліміз және Елбасымыз аман болсын!

Ізгі ниетпен, аудан әкімі
Ғалым ӘМІРЕЕВ.