№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ауданда өз басын қатерге тігіп, ауру ошақтарында күндіз-түні еңбек етіп жүрген дәрігерлер

Ауданда өз басын қатерге тігіп, ауру ошақтарында күндіз-түні еңбек етіп жүрген дәрігерлер

   Ауданда өз басын қатерге тігіп, ауру ошақтарында күндіз-түні еңбек етіп жүрген дәрігерлер және осы індеттің алдын алу мақсатында тыңбай көше жағалап жүрген медицина саласының қызметкерлері де бар. Олар қоғам қауіпсіздігі үшін үй бетін көрмей, қонып жұмыс істеуде. Сондай медицина саласының қызметкерлеріне қолдаудың кез-келген түрі көрсетілсе де лайықты. Президенттің пәрменімен үстемақы төленеді. Бұл қолдау – вирус жұқтырған науқастардың сауығуы үшін білім-білігі мен күш-қуатын жұмсаған мамандарды ынталандырып, жігер беретіні анық.

Ауданда коронавируспен 30 адам тіркеліп, науқастар тиісті ем-домын алуда. Алғашқы науқас түскен күннен бері 20-дан аса маман үйіне қайтпай, тынымсыз еңбек етуде. Денсаулық сақшыларының айтуынша, олардың саулығы, алаңсыз жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалған. Өздері еңбек ететін аурухана басшылығы мен аудандық әкімдіктің ақ халаттыларға деген қолдауы сезіледі. Жатын орын мен ыстық тамақпен уақытылы қамтылған.
Расында Жаңақорған ауданаралық ауруханасы бойынша COVID-19 індетінің алдын алу бағытында тыңдырымды тірліктер атқарылып жатыр.
Наурыз айында еліміздің барлық өңірлерінде енгізілген карантиндік шараларға байланысты аурухананың төсек қоры қайта жасақталып, қосымша 25 төсекке кеңейтілді, жалпы төсек қоры – 225. Жұқпалы аурулар бөлімінің төсек қоры 60, оның ішінде 20 төсек коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарға, 22 төсек провизорлық бақылаудағы науқастарға, 18 төсек басқа да жұқпалы ауруларға жасақталған. Жұқпалы аурулар бөлімі 6 жасанды демалдыру аппараты мен қажетті мониторлармен, пульсоксиметр аппараттарымен жабдықталған. Жаңа­қорған санаторийіндегі карантиндік бақылауға алынған азаматтарға 200 төсек орны дайындалған.
Аудан бойынша бүгінгі таңға COVID-19 індетін жұқтырғандардың жалпы саны – 30, жұқпалы аурулар бөлімінде – 2 науқас, провизорлық бақылауда – 4, карантиндік стационарда – 82, үй бақылауында – 108 адам бар. 30 науқастың облыстық жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылғаны – 20, осы күнге дейін емделіп шыққаны – 13.
Негізінен анықталған 3 ауру оша­ғының үшеуі де сырттан жұқтырып келген ауру көздері болып табылады. Қалған науқастардың барлығы да осы науқастармен тығыз қарым-қаты­наста болғандар. COVID-19 дертіне шал­дыққан науқастардың барлығының жағ­дайы қанағаттанарлық.
Бүгінгі күнге дейін аудан бойынша КВИ анықтау мақсатында 767 сына­ма алынды, жалпы 421 адам үй бақылауында болды, осы уақытқа дейін карантиндік стационарда болғандардың жалпы саны 170. COVID-19 індетінің таралуының алдын алу, үй аралау жұмыстарына аудан бойынша – 108 дәрігер, 422 орта буын медицина қызметкерлері жұмылдырылды.
Науқастармен тікелей қарым-қа­тынаста жұмыс жасайтын барлық меди­цина қызметкерлері қорғаныш киім­дерімен, бетперде, қолғап, анти­септикалық сұйықтықтармен, сон­дай-ақ ыстық тамақпен толық қам­тамасыз етілді.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлердегі індетке қарсы эпи­де­­мио­логиялық-санитарлық тәртіпті сақ­таудағы медицина қызметкерлерінің ең­­бектерін бағалап, материалдық түр­де ынталандыруды тапсырды. Яғни «Әлеу­меттік-экономикалық тұрақ­тылықты қамтамасыз ету жөнін­дегі ша­ралар туралы» Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президентiнің 2020 жыл­ғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығына сәй­кес медицина мамандарына қолдау шаралары жүргізілуде.
Медицина қызметкерлеріне қар­жылай қолдау көрсету шарасы бойынша бүгінде 32 медицина қызметкеріне 3 наурызда 2526959,0 (екі миллион бес жүз жиырма алты мың тоғыз жүз елу тоғыз) теңгенің қосымша үстемеақысы берілді. Одан бөлек, Көктөбе, Бесарық блок-бекеттері бойынша кезекшілікте болған 41 орта буын медицина қызметкерлеріне 1 134 633,59 теңгенің үстемеақысы төленді.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
21 сәуір 2020 ж. 689 1

Jay от 26 сәуір 2023 02:46
Hi, I'm Jay, a 14-year experienced english SEO copywriter and content writer. I have created top-ranking content for blogs, articles, e-commerce products, and websites for my clients. My fee is USD 50 for 1000 words, and I'm open to discussing your requirements.  Just send me an email at Jay.Abby73@gmail.com.