№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Төрт провизорлық орталық жабылды

Төрт провизорлық орталық жабылды


Коронавирусты толық жеңбесек те, індеттің қарқыны бәсеңдей бастағанын аңғаруға болады. Ауруханадағы науқастар дертінен айығып, үйлеріне оралып, төсектер бос қалуда. Ауданда 4 провизорлық стационарлық орталықтың жұмысы тоқтап, есігіне құлып салынды. Жұқпалы аурулар бөліміндегі науқастардың жағдайы қалай? Олар қашан үйіне оралады? Біз осы сауалды аудандық аурухана басшысы Яхия Кәдірбекұлынан сұрап білдік.


Бір аптада 4 провизорлық ор­та­лықтың жабылуы туралы жа­ғымды жаңалығымен бөліскен ау­дан­аралық аурухана басшысы Яхия Шорабаев жұқпалы аурулар бөлі­міндегі науқастардың жағдайы жақсарып келе жатқанын тілге тиек етті. Аурухана жанынан ашылған провизорлық стационарда 280 адамға арналған төсек орын болды. Мұнда 2 ай бойы адам қарасы үзіл­ген емес. Тұрақты ем алып, жазылып шыққандар үйлеріне ора­лып, жағдайы нашарлаған науқастар шұғыл түрде жұқпалы аурулар бө­ліміне ауыстырылып отырды. Мұнда 3 аусыммен 89 медицина қызметкерлері қызмет көрсетіп, пан­демиямен күресте өзінің білік­тілігі мен бар күшін сарп етті.
– Бүгінгі таңға №1 провизорлық орталықта 19 науқас бар. Сондай-ақ, Төменарық ауылдық округіндегі ауруханада орналасқан №6 провизорлық орталықта 8 науқас ем алуда. 50 орындықты №2, 80 орындықты №3 және №5, 20 орын­дықты №4 провизорлық орталықтағы науқастар жазылып шығып, бұл провизорлық орталықтар жабылды. Жалпы ауданда эпидемелогиялық ахуал тұрақтанып келеді. Оған карантиндік режимнің оң ықпалы болды. Аудан әкімінің Call-орталықты іске қосуының да көп септігі тиді, – деді ауданның бас дәрігері.
Жұқпалы аурулар бөліміндегі КВИ-1 инфекциялық бөлімшеде 4 науқас, №1 провизорлық стационарда 19 науқас, барлығы 23 науқас ем алуда. Оның 21-нің жағдайы жақсарып, үйлеріне жіберуге оқталуда. Ал, 2 науқас орташа деңгейде емін алмақ. Мұндағы тынымсыз тіршілік туралы Нұрбол Табынбай: «Соңғы 2 аптада науқастар жағдайы тұрақтады. Өлім-жітім жоқ. Біз әрбір науқас үйіне қайтқан сайын қуанып, елдің тыныштығын тілеп, өзіміздің қалыпты өмірге оралуымызға аз қалғандай жігерлене түсеміз», – деді мейіраға. Есігі тарс жабылған №2, №3, №4 және №5 провизорлық стоционарлық орталықтарда 89 медицина қызметкеріне бағыт-бағдар беріп, жұмыстың жүйелі жүруіне тікелей атсалысқан Дәрібаева Айгерім, Мерей Жұмаш, Арапова Айдана мен Рәбила Өтетілеуовалардың еңбегі өте зор.
– Бұрын соңды практикамызда болмаған індетпен күресуде меди­цина қызметкерлерінің іш­тей үрейі болғаны шындық. Біз сол үрейлі індетпен бетпе-бет келіп, жанталаса күресіп бақтық. Орта­лықтар адамға толып, қосымша тағы да 100 орын ашу жоспарланды. Адам қарасы көбеюі де жұмыстың механизмін жеделдететіні түсінікті. Біз сол қосымша нысанның ашылмай, керісінше 4 провизорлық орталықтардың жабылып, індеттің азаюына кішкентай болса да өз үлесімізді қостық, – деді Рәбила Өтетілеуова.
Айта кетерлігі, апта соңында жазылған науқастар үйіне шыға­рылғаннан кейін, жұқпалы аурулар бөлімінің қызметі қайта қалпына келтіріліп, әдеттегі жұмыс кестесіне оралмақ. Мұны осы бөлімнің меңгерушісі Әсел Сейілова түсіндірді.
– Өткен жолы соңғы науқасты жазып шығып болдық дегеніміз сол еді, ертесіне адам толып кеткені есімізде. Бұл жолы олай қайталанбай, үйімізге оралсақ деп армандап отырмыз. Халық сақтық шараларын ұстанбай індетті жеңе алмайтынымыз шындық, – дейді дәрігер.
Төрт ай үй бетін көрмеген жан­дар науқас саны азайғанына дән риза. «Індетті жеңдік» деп жаһанға жар салар күн жақындағанын сезіп келеміз. Дегенмен, жеке бастың тазалығын, эпидемиологиялық та­лап­тарды бұлжытпай, ортақ мін­детті атқарсақ аумалы уақыттан тез өтеріміз анық.

Мақпал ПӘТЕНОВА
08 тамыз 2020 ж. 589 0