№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » СOVID-2019: індетті жеңуде жауапкершілік қажет

СOVID-2019: індетті жеңуде жауапкершілік қажет


Коронавирус медицина саласындағы шешімдерді шұғыл қабылдауды, мамандарды іске белсенді жұмылдыруды талап етті. Өз кезегінде, осындай талаптарға жауап бердік. Карантиндік шараларға байланысты аурухананың төсек қоры қайта жасақталып, қосымша 25 төсекке кеңейтілді. Жұқпалы аурулар бөлімшесінде 60 орынды. Оның ішінде, 20 төсек коронавирусты жұқтырған науқасқа, 22 төсек провизорлық бақылаудағы науқасқа, 18 төсек басқа да жұқпалы ауруларға жасақталды.


Жұқпалы аурулар бөлімшесі алты жасанды демалдыру аппараты мен қа­жет­ті мониторлармен, пульсоксиметр аппараттарымен жабдықталды. Қазіргі уақытта аудан әкімдігінің қолдауымен жұқпалы аурулар бөлімшесі орналасқан ғимаратқа ҚР Бас мемлекеттік сани­тариялық дәрігерінің 14.04.2020 жылғы №33-ПГВр Қаулысының талаптарына орай 16 бейнебақылау камерасы орнатылды. Енді бөлімшеде «таза» және «лас» аймақтарды қалыптастыру бойынша қосымша бөлмелер жабдықталады. Сондай-ақ «лас» және «таза» аймақтағы медицина қызметкерлерінің өзара арнайы байланыс құрылғыларымен хабарласуын қамтамасыз ету үшін қызметкерлер рация-телефондармен қамтамасыз етіледі. Оған қосымша әрбір палатаға пациенттер үшін кедергісіз арнайы шақыру кнопкалары орнатылады.
Орталық аурухана мен аудандық емханаға дезинфекциялық кабиналар (тонель) орнатылатын болады. Жаңа­қорған санаторийіндегі карантиндік бақы­лауға алынған азаматтарға 200 төсек орын дайындалды. Аудан бойынша бүгінгі таңға COVID-19 індетін жұқтырғандардың жалпы саны – 31, осы науқастардың 10-ы аудандық жұқпалы аурулар бөлім­шесінде, 20-ы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп шықты. Қазір бір науқас бөлімшеде ем алуда. Емделіп шыққан науқастардың барлығы үй карантинінде бақылауда.
Олардың 16-нан екінші рет сынама алынды және қорытындылары теріс нәтиже көрсетті. Қалған 14 адам әлі үй карантинінде бақылауда. Қазір каран­тиндік стационарда – 13 адам карантиндік бақылауда. Негізінен COVID-19 дерті анықталған 4 ауру ошағының төртеуі де сырттан жұқтырып келген ауру көздері болып табылады. Бүгінгі күнге дейін аудан бойынша КВИ анықтау мақсатында 1503 сынама алынды, оның 640-ы медицина қызметкерлерінен алынды. COVID-19 індетінің таралуының алдын алу, үй аралау жұмыстарына аудан бойынша – 108 дәрігер, 482 орта буын медицина қызметкерлері жұмылдырылды.
Науқастармен тікелей қарым-қаты­наста жұмыс жасайтын барлық медицина қызметкерлері қорғаныш киімдерімен, бетперде, қолғап, антисептикалық сұйық­тықтармен, сонымен қатар ыстық тамақ­пен қамтамасыз етілді.
Медицина қызметкерлеріне қаржылай қолдау көрсету шаралары бойынша 32 маманға наурыз айында 3 күн жұмыс жасағанына 2526,9 мың теңгенің қосымша үстеме ақысы, одан бөлек, Көктөбе, Бесарық блок-бекеттері бойынша наурыз айында кезекшілікте болған 41 орта буын медицина қызметкеріне 1134,6 мың теңгенің үстеме ақысы төленді. Өткен аптада сәуір айының үстемеақысы төленді.
Бұл жолы 1 тәуекел топта жұмыс жаса­ған, яғни жұқпалы аурулар бөлі­мінен 16 қызметкерге 10101,9 мың тең­генің үстемеақысы төленсе, 2 тәуекел топтағы 33 қызметкерге 5999,3 мың теңгенің үстемеақысы берілді. Үш тәуе­кел топта қызмет көрсеткен 118 қызметкерге – 13426,4 мың теңгенің үстемеақысы төленді. Яғни жалпы саны 167 қызметкерге – 29524,6 мың теңгенің үстемеақысы аударылды.

Яхия ШОРАБАЕВ,
Жаңақорған ауданаралық ауруханасының бас дәрігері


16 мамыр 2020 ж. 715 0