» » «ЖОМАРТ ЖҮРЕК» ӨЗ ИЕСІН ТАПТЫ

«ЖОМАРТ ЖҮРЕК» ӨЗ ИЕСІН ТАПТЫ


ӘЛЕМДІ ЖАЙЛАҒАН ПАНДЕМИЯ ЖАҢАҚОРҒАН ЖҰРТЫНА ДА ӨЗ АУЫРПАЛЫҒЫ МЕН САЛМАҒЫН ӘКЕЛДІ. ОСЫНАУ ҚИЫН УАҚЫТТА ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ЖОЛЫНДА ҚЫЗМЕТ ЕТІП, БҰХАРАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ШЕШІЛУІНЕ ӨЗ ҮЛЕСІН ҚОСЫП, КӨПШІЛІКТІҢ АЛҒЫСЫНА БӨЛЕНГЕН ДАРА ТҰЛҒАЛАР МАРАПАТ БИІГІНЕН КӨРІНДІ.

Жаңақорғанның халқына қажырлы еңбегі, қайырымды көмегін аянбаған кәсіпкерлер аудан әкімі Сұлтан Мақашовтың қабылдауында болып, ерекше марапаттарға ие болды. Солардың қатарында Несібелі Бектасқызы «Жыл меценаты», Бақытжан Ақылбеков «Туған өлке», Бақытжан Тасболатов «Жыл тұлғасы», «СКЗ –U» ЖШС зауыты Құтыбаев Рақымбаба «Жылдың үздік ұйымы», Қоғамбек Мүтәнұлы «Ерен еріктілік» марапатымен марапатталды
13 тамыз 2020 ж. 611 0