Соңғы жаңалықтар

"Талантты Жұлдыздар"

24 сәуір 2024 ж. 47

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ЖОМАРТ ЖҮРЕК

ЖОМАРТ ЖҮРЕК

Жаңақорған ауданы бойынша «ЖОМАРТ ЖҮРЕК» сыйлығының иегерлері марапатталды. 
Бүгін аудан әкімдігінде ауданымыздың қоғамдық-саяси, әлеуметтік өміріне белсене араласып, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлес қосып жүрген азаматтар Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Жомарт жүрек» сыйлығымен марапатталды. Аудан әкімі Ғалым Махмутбайұлы «Жомарт Жүрек» сыйлығының лауреаттарын анықтау мақсатында арнайы құрылған аудандық комиссияның шешіміне сәйкес, қайырымдылық қызмет көрсетудегі еселі еңбектері үшін «Жыл меценаты» номинациясымен Қожакент ауылы «Нұрбол И» шаруа қожалығының төрағасы Үсенов Изатулла Ергешұлына, «Туған өлке» номинациясымен М.Нәлібаев ауылындағы жеке кәсіпкер Сапарбаев Нұрсұлтан Еркінбекұлына, «Жыл тұлғасы» номинациясымен Қаратөбе ауылы «Сұңқар» шаруа қожалығының төрағасы Исаханов Құлмағанбет Оразқұлұлына, «Жылдың үздік ұйымы» номинациясымен «Қызылқұм» ЖШС-не және «Ерен еріктілік» номинациясымен «Жас Отан» Жастар қанатының Жаңақорған ауданы бойынша бөлімше басшысы Көгенбаев Асылжан Бөрібайұлына «Жомарт жүрек» сыйлығының номинацияларын табыстады. 
15 тамыз 2018 ж. 2 478 0