№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «ЖОМАРТ ЖҮРЕК»: МЕРЕЙІ ТАСЫҒАН МЕЦЕНАТТАР

«ЖОМАРТ ЖҮРЕК»: МЕРЕЙІ ТАСЫҒАН МЕЦЕНАТТАР

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-кұрметтеудің түрлі жолдарын табу керек. Әсіресе, «Туған жер» бағдарламасы бұл бағыттағы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады» деген еді. Расында «Ұлтқа қызмет білімнен емес, мінезден» дейді Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан. Қашанда ұлттық мұратты ұстанған тұлға бойындағы елдік мінез адам болмысының туған жер, өсіп-өнген өлкесіне деген азаматтық ұстанымын қалыптастырады. Осы тұста, қашанда бұқараға жасаған жақсылығын жасырып, және бір ізгілікті істің ұйытқысы болуға дайын тұратын жомарт тұлғалар бар. Міне, сондай жомарт жандарды бағдарламалық мақаладан туындаған «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында «Жомарт жүрек» номинациясымен марапаттау рәсімі республика көлемінде жүзеге асырылуда.
Осы орайда, жаңақорғандық меценаттар мен бизнес-құрылым өкілдерін салтанатты түрде құрметтеу шарасы аудан әкімдігінде өтті. Алқалы басқосуды ашқан аудан әкімі Ғалым Әміреев шараның маңыздылығына тоқталды.
– Отанға деген сүйіспеншілік алдымен туған жерге деген сүйіспеншіліктен басталады. Елбасы мақаласындағы бағдарламаны жүзеге асыруға елім деген әр азаматтың үлес қосуы керектігі айтылады.
Ауданда жұмыс жасайтын ірі компаниялардан бөлек, туған жерін абаттандырып, гүлдендіруге күш салып, өзге де қайырымдылық істерге қаржылық демеу көрсетіп жүрген азаматтар аз емес. Қайырымдылық шараларына  белсене атсалысқан жандар халықтың алғысына бөленуде. Олардың игілікті істерін халқы әрдайым мақтан етіп жүреді. Сондықтан, үнемі келелі істердің басынан табылатын осындай жандарды бүгінгі жиында марапаттағымыз келіп отыр, – деді аудан басшысы.
Сондай-ақ алқалы басқосуда «Жомарт жүрек» сыйлығымен марапаттау шараның  жалпылама атауы болса, оның ішінде «Жыл меценаты», «Туған өлке», «Жыл тұлғасы», «Жылдың үздік ұйымы», «Ерен еріктілік» секілді 5 номинация бар екені белгілі болды.  Оған қоса, аталмыш номинациялар бойынша лайықты азаматтарды ұсыныстар беру жөнінде шілде айынан бастап кент, ауылдық округ әкімдіктерінен сұралып,нәтижесінде осы аталымға 15 азаматтың құжаты ұсынылған. Мұнан кейін ұсынылған азаматтарды 1-тамыз күні «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы аудандық сарапшылар кеңесінің мүшелері талқылап, аталған номинацияға 4 азамат пен 1 ұйымды лайық деп таныған.
Шара соңында аудан әкімі Ғалым Әміреев көпшілік алдында «Жомарт жүрек» иелерін арнайы естелік тұғыр мен «Алғыс хат»пен марапаттады. Мерейі тасыған «Жомарт жүрек» сыйлығының иегерлері қатарында: жеке кәсіпкер Изатулла Үсенов «Жыл меценаты», жас кәсіпкер Нұрсұлтан Сапарбаев «Туған өлке», меценат Құлмағанбет Исаханов «Жыл тұлғасы», «Қызылқұм»ЖШС «Жылдың үздік ұйымы», ал «Жас Отан» жастар қанатының аудандық бөлімшесінің жетекшісі Асылжан Көгенбаев «Ерен еріктілік» номинациясына лайықты деп танылды.
Өз кезегінде қаратөбелік кәсіпкер Құлмағанбет Исаханов елге еткен қызметін елеп-ескерген жергілікті билікке ризашылығын білдірді.
– Туған жерге, егеменді елге деген сүйіспеншіліктің барлығы кіндік қаның тамған атақонысқа құрметіңнен басталады. Сондықтанда «Туған жерге туыңды тік» деген аталы сөзді үнемі ұстаным етіп, ауылдың гүлденуіне үлес қосуға қашанда дайынбыз, – деді «Жыл тұлғасы» аталымының иегері.
Иә, жомарттықтың негізгі өзегі – қайырымдылық. Жоқтықтың тауқіметін тартып, бардың байлығына мұқтаж жандар бар қоғамда. Мұндайда дана қазақ «кең адамның күніне бір үйі кеңиді, тар адамның күніне бір үйі кемиді» деп бірауыз сөзбен кең пейілді адамның кемімейтінін өнеге еткен. Бұл бағытта құнды құжаттар туындаған «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан «Жомарт жүрек» жобасының берері мол.
Әбдісамат ӘБДІШ.
19 тамыз 2018 ж. 2 627 0