Соңғы жаңалықтар

№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Дәрігер жұмысы – өмірдің тынысы

Дәрігер жұмысы – өмірдің тынысы


Биылғы жаз маусымының алғашқы онкүндігінің соңын ала жағадан алған белгісіз дерт тұмау тәрізді сипат алғанымен сыры да, сыны да бөлек, дәрменді алып, аяқтан шалып, әл-қуатыңнан айырғанда қайтып тұра алмастай қайғы жеп, қалың елге қараспан төнгендей болғаны рас. Әлі көрер қызығы алда қасқайып жүрген қаншамызды қатарымыздан жұлып кеткені де жасырын емес.


Коронавирус бар, жоқ деп елең қылмай, ерегісіп, ең арғысы емхана есігі­нен кезекпен енудің тәртібіне көнгісі келмей , кеуде керіп жүргендер күн-түн демей шыбын жанына дәру іздеп дәрігер жағалап кетті.
Басы қос өкпеден қысқан сырқат­тың салдарын іздеп, аудандық ем­хананың бірінші қабатындағы флю­орог­рафия кабинетіне таңғы алтыдан келіп табанға тұратын қалың кезекті қанағаттандыру талабы осын­дағы қос есіктің құзыретінен әл­де­неше асып түсті. Сонда да уақытпен санаспай әлеуметке нақты жағдай жасауды мақсат еткен мамандарымыздың еңбегі ерен.
Аудандық емхананың дәрігер – рентгенологы Мадияров Асылбек Пернебекұлымен әңгімеміз осы тақы­рыпта өрбіді.
– Маусым-шілде айында өкпе қабыну сырқатының мұншалықты сипат алуы қалыпты жай емес. Мұны эпидемияның бір түрі деп қарастыру жөн секілді. Былтыр аудандағы бұл айдағы көрсеткіш 50-дің айналасында еді. Биыл бір, бір жарым айда 1000-нан астам тұрғын дәрігер жолдамасымен де, жеке өтінішімен де кеуде тұсының ауырсынуына шағымданып арнайы флюро – зерттеулерден өтті. Одан әрі провизорда, үй жағдайында тағайындалған емін алып, екінші қайтара бақылау сынамасынан өту жағдайлары да бұрынғыдан он есе көп. Осының барлығы мұнда әдеттегі пневмония емес, басқа да факторлар әсерінен күрделі симптомның бар екенін көрсетеді,- дейді маман.
Бұл біздің ауданда ғана орын алған жағдай емес, еліміздің бар­лық өңірлерінде күрделі ахуал туындады, құрбандары да аз болмады. Пневмонияның ашық статистикасы жоқ, оның Ковидтен де асып түскені туралы деректер бар. Мәселен, республика бойынша пневмония жағ­дайымен тіркелгендер өткен жылғыдан төрт есеге артық. Бірден байқала қоймайтын, кезең-кезеңнен тұратын белгісіз пневмонияны коро­навирусқа теңеу жөнінде жақында ДСҰ-да қаралып, алдағы айдан бастап шешім табуы осы аурудан зардап шегушілер үшін де, сырқатпен күресте күндіз-түні қызмет еткен дәрігерлер қауымы үшін де демеу шараларының қолға алынуына негіз қалайтын болады. Осы турасында қойған сауалымызға сұхбаттасымыздың пікірі төмендегіше:
– Біздің бөлімде жұмыс жасайтын мамандарымыздың бірнешеуі карантинге байланысты уақытша жұмыстан тыс отыр. Қазірде қарбалас жағдайда қызметіне мін түсірмей келе жатқан қызметкерлеріміз Тойназарова Аманкүл, Самат Талғатұлы, Әмірбек Мұхтарға алғысым шексіз.
Емханамызда соңғы үлгідегі «Жумонг 2019» «Проскон» деп аталатын флюрозерттеумен қоса цифрлы рентген аппаратының болуы жоғары сапалы деңгейде жұмыс жасауымызға мол мүмкіндік тудырып отыр.
Бір қуанып отырған жағдайымыз, соңғы бірер күн бізге келушілер аяғы кәдімгідей саябырлап, жағдай тұрақтала бастағаны сезіледі. Бір қынжыларлығы, төтеннен туындаған қиын сәттерде адамгершілігімізге сын түсірген көріністерге қарнымыз ашты. Көпшілікте көзі ашықтар көлеңкені сейілтіп, кезекте әдепті қадағалап, жасы кіші үлкенге немесе қатты қиналып тұрғанға жол беріп сыпайылық таныта білсе мұның өзі бір-бірімізге әл-қуат, көмек-қолдау болар еді ғой. Кісінің кім екені басқа күн түскен қиындықта сыналады.
Ағайын осы жағына абай болса екен, – дейді денсаулық сақшысы.

Баян ҮСЕЙІНОВА

28 шілде 2020 ж. 422 0