Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Емші әлде дәрігер? Кімге көбірек жүгінесіз?

Емші әлде дәрігер? Кімге көбірек жүгінесіз?


Ауруымыз асқынып, жанымызды қоярға жер таппай, қиналғанда біріміз білікті дәрігерге қаралсақ, енді біріміз халық еміне жүгінгенді жөн көреміз. Дәрігер науқастан талдау алып, нақты диагнозын табуға тырысады.
Бұл мамандық үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Медицина мамандары ауырып жатқан науқастың дертін дөп басып қана қоймай, оның емін іздеп, дертін жазатын маман иесі.
Халық емін де жоққа шығара алмаймыз. Себебі бүгінде фармация саласында қолданылатын препараттардың көпшілігі дәстүрлі медицинада әбден зерттелген дәрілік өсімдіктерден жасалады. Көпшілік тұрғындар халық емін қолдап, сан ғасырлар бойы науқасты емдеуде халық емінің тәжірибесі мол болғандығын айтады.
Ертеректе емшілеріміз түрлі өсімдік тамырларының, шөп түрлерінің адам денсаулығына қаншалықты пайдасы барын зерттеп, қазақы ем – домда пайдаланып, іске асырған. Қазіргі таңда, түрлі жетістіктерге қол жеткізіп келе жатқан медицина саласының емдеу тәжірибелері ата – бабаларымыздың емшілік дәстүрінен алынғаны жасырын емес.
Қазақ тарихында шипагерлігімен есте қалған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы: «Емшіні шипагер деп атаған жөн, шипа жазады, қонады, дариды, айықтырады деген сенімділікпен туады. Жазылсын, қонсын, дәру болсын деген ақ тілек. Бұл науқас пендеге қуат беру» - деп өз тұжырымын ұсынған болатын. Ертеректе айықпас дертке ұшырағандарды аяғына тік тұрғызған, құлан таза айығуына шипасы тиген халық емшілері туралы көп айтылатын.
Ал бүгінде емшіге барып, еміне шипа емес басына ауру тілеп алып жатқандарды да есітіп жүрміз. Десе де ел арасында емші жағалап, тәуіптің айтқанына айдай сенетіндер аз емес. Бүгінде медицина қызметкерлеріне де сенетіндердің қарасы көп. Қанша дегенмен дәрігер өз саласының маманы емес пе?
Ал сіз ауыра қалсаңыз емшіге қаралғанды жөн көресіз бе, әлде дәрігерге барасыз ба?

Нұрила ЖҰМАДІЛЛӘ
Oinet.kz
15 шілде 2020 ж. 983 0