Соңғы жаңалықтар

№71 (8885) 20

20 қыркүйек 2025 ж.

№70 (8884) 16

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (8883) 13

13 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Сovid-19: жаңадан 15 жағдай тіркелді

Сovid-19: жаңадан 15 жағдай тіркелді

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 340-қа жетті. Ал сауығып шыққандар саны – 233. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
« Соңғы тәулікте 15 дерек тіркелді. Оның 6-ы медицина қызметкерін скринингтеу барысында анықталса, 2-еуі «Д» есепте тұрған науқасты скринингтеуден, ал біреуі фильтр кабинетінен болса, 6-ы індет жұқтырғандармен байланыста болғандар. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы бірқалыпты, емдерін хаттамаға сәйкес алуда»,-деді бас дәрігер.
Сондай-ақ, індет жұқтырғандармен байланыста болған- 4298 азамат анықталды. Оның ішінде, 2387-і жақын қарым-қатынаста, 1911-і жанама байланыста болған. Бұдан бөлек, инфекциялық стационарда 82 адам ем алуда. Оның 26-ы карантиндік госпитальда , 31-і провизорлық стационарда, ал 214 азамат карантиндік бақылауда.
Құрметті облыс тұрғындары, статистикаға қарағанда вирустың жұғу мүмкіндігі қарым-қатынас арқылы болып отыр. Вирус ауа тамшылары арқылы жұғатын болғандықтан, ол көбіне сулы ауада көп сақталады. Сондықтанда сақтық шараларын қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз.

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі
29 мамыр 2020 ж. 900 0