№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Covid-19: соңғы тәулікте 7 жағдай тіркелді

Covid-19: соңғы тәулікте 7 жағдай тіркелді


Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 325-ға жетті. Ал сауығып шыққандар саны – 232. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
«Соңғы тәулікте 7 дерек тіркелді. Оның 4-еуі Тенгиз Шевройл компаниясының қызметкері болса, 3-еуі медицина қызметкерін скринингтеу барысында анықталды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы бірқалыпты, емдерін хаттамаға сәйкес алуда»,-деді бас дәрігер.
Сондай-ақ, індет жұқтырғандармен байланыста болған- 4133 азамат анықталды. Оның ішінде, 2303-і жақын қарым-қатынаста, 1830-ы жанама байланыста болған. Бұдан бөлек, инфекциялық стационарда 72 адам ем алуда. Оның 22-сі карантиндік госпитальда , 27-сі провизорлық стационарда, ал 257 азамат карантиндік бақылауда.
Құрметті облыс тұрғындары, статистикаға қарағанда вирустың жұғу мүмкіндігі қарым-қатынас арқылы болып отыр. Вирус ауа тамшылары арқылы жұғатын болғандықтан, ол көбіне сулы ауада көп сақталады. Сондықтанда сақтық шараларын қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз.

Өңірлік коммуникациялар қызметі
28 мамыр 2020 ж. 673 0