№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Абырой асқарындағы азамат

Абырой асқарындағы азамат


Жаңақорған ауданында өзіндік ізі бар азаматтар қатарында мемлекет және қоғам қайраткері Сәмит Далдабаевтың орны биікте. Оның адамдық, адалдық бейнесі, тұлғалық қасиетімен көптен ерекшеленді. Өзінің ілкімділігімен, іскерлігімен және ұйымдастырушылық қабілетімен дараланды. Онымен қызметтес болып, ағалық қамқорлығын сезіндік. Сондықтан ардақты аға жайлы жазғанда толғанып, өткен-кеткенді еске алып, өткен шаққа оймен жүйіткідім.


Ол кісімен дидарласқан адам көңілі сергек, ойы зерек, сөзі салмақты екенін бірден ұғатын. Жүріс-тұрысы, бет-әлпеті, мінез-құлқы тұлғалық болмыс-бітімін ашып, өзгеден ерекшелейтін. Тіпті шынайы күлкісінің өзі қандай жарасымды көрінеді. Оны тұңғыш көргенде осындай ойда қалдым. Бұл – 1979 жылдың 5 желтоқсаны болатын.
Ол кезде халық депутаттары ау­дандық Кеңесі атқару комитеті аудандық азаматтық қорғаныс штабы­ның бастығы қызметін атқарамын. Таңертең аудан архитекторы Исабек Әлдібековтен аудандық атқару ко­миетіне жаңа төраға келетінін естідім. Бұрынғы төраға Жұмабай Сарыбаев облыстық әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының басшысы қызметіне ауысқан-ды.
Сағат 10.00-де облыстық атқару комитеті төрағасының оынбасары Зейнолла Жарқынбаев аудан активі мен аудандық кеңес депутаттары, қоғамдық ұйым басшыларын жинап, жаңа төрағамен таныстырды. Активте аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Ахметжан Жанпейісов, аудандық қаржы бөлімінің басшысы Бекмахан Дүйсенбаев, аудандық қам­сыздандыру бөлімінің басшысы Жәмила Омарова, Төменарық кеңша­рының директоры Әбутәліп Алтыбаев Жұмекеңе алғысын білдіріп, жаңа төрағаға сәттілік тіледі.
Сәкең артынан кадр жетектеп келген жоқ. Жергілікті мамандарға арқа сүйеп, орынды талап қойып, жұмысты сапала жүргізді. Ол бастықпын деп дауыс көтеріп, маманның кемшілігін бетіне басып, абыройын түсірмейтін. Қарамағындағыларға бағыт-бағдар көрсетіп, жүйелі жұмыс жүргізудің мәнін түсіндіретін. Осы қасиетінен оның жақсы аты ауданда тез тарады.
Басшылардың арасында жұмысы көңілі толмаса, қабылдауына шақырып, ұзақ уақыт бетіне үнсіз қадалып отыратын. Мұндай үнсіздіктен өзінің қателігін түсінген басшылар қайтадан қателігін қайталамауға мән беретін. Сәкеңнің басты артықшылығы қасындағы серігінің сөзін бөлмей тыңдайтын, салиқалы сөз саптайтын. Бұған ол кісімен қызмет барысында аралас-құралас болған жылдары көз жеткіздік.
Ол кездері қызметтік карьераңды өсіремін десең, коммунист болуың керек. Осыны басшылыққа алып бастауыш партия ұйымының хатшысы, жалпы бөлім меңгерушісі Жәмила Бәдіроваға барып, партия қатарына алуға ұсыныс беруін сұрадым. Жәмила апай аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің басшысы Иса Мұсаевқа алып кіліп, партияға қабылдауды ұсынады. Бірақ ұсыныс қолдау таппады. Араға уақыт салып тағы да талпындым. Ол жолы да кейінге қалдырды.
Арада екі жыл өтіп Сәкең аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып тағайындалды. Жағдайдан хабары бар Сәмит аға Исекеңді кабинетіне шақырып, мені партияға қабылдауды ұсынды. Исекең партияға қабылдаудың өзіндік процесі барын алға тартты. Сонда: – Жолдас Мұсаев, Қалдыбековтың коммунист болуға әбден лайық азамат. Партиялық сетка дегеніміз, ол – мен және сіз. Алдағы райком бюросына Қалдыбековты партия мүшелігіне қабылдау үшін құжаттарын даярлауды тапсырамын, – деді. Арада 15 күн өткенде парияға қабылдандым, ал бір жыл өткенде партиялық билетті қолыма алдым.
Сәбеңнің мен секілді қаншама адамға шарапаты тиді. Қолдады, демеді, өмірден өз орнын табуда бағыт-бағдар көрсетті.
Енді оның өмір жолына тоқтала кетсем...
1938 жылы 5 қарашада Жалағаш ауданындағы қазіргі Еңбек ауылдық округінде қарапайым отбасында дү­ниеге келді. Оның балалық шағы екінші дүниежүзілік соғыспен тұспа-тұс келіп, еңбекке ерте араласып, ерте есейді.
Көктем келе дала жұмыстарына дем береді. «Жыңғылды» көлінен су жеткізетін арықты шөп басып қалады. Әкесімен бірге соны тазалауға атсалысады. Ол кездері ауылдарда жеті­жылдық мектептер болды. Ауы­лында жеті кластық білім алған Сәмит аға Жалағашта жалғастырып, 1956 жылы Сталин атындағы мектепті күміс меделмен бітіреді. Сол жылы Алматыдағы зооветеринариялық инсти­тутына оқуға түсіп, 1961 жылы мал дәрігері мамандығы бойынша дипломын алады.
Еңбек жолын Тереңөзек кеңша­рында бас мал дәрігері ретінде бастайды. Кейін Сырдария ауданының бас мал дәрігері, аудандық мал дәрігерлік станциясының бастығы болады. 1965 жылдан Сырдария, 1967 жылы Тереңөзек аудандық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, 1974 жылы Жалағаш аудандық партия комитетінің хатшысы, 1975 жылы Сырдария аудандық Кеңес атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарады.
1983 жылы Сәмит Далдабаев аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы лауазымына сайланды. Оның ұйымдастырушылық қабілет-қарымы арада бір салғанда көрінді. 1984 жылы күріш жинау науқанында айды аспанға бір-ақ шығарып, мол өнім жиналды. Бұл меже арада 15 жыл салып барып орындалған еді. Жалпы Сәкең басқарған жылдары аудан еңбеккерлері үшін аса табысты болды. Мемлекетке астық өткізу жоспары 145 пайызға орындалды. Сонымен қатар мал басын көбейту, төл алу мен мал басының шығынын азайту барысында да жетістіктерге қол жеткізілді.
Ағамен бір жүздескенімде: «Біз Қазантаевтың «шекпенінен» шық­тық. Сонымен қатар облысты басқарған М.Ықсанов, Х.Бектұрғанов, И.Әбді­кәрімов, Т.Есетов сынды мемлекет және қоғам қайраткерлерінің тәлімін алдық. Зейнулла Жарқынбаев, Әбжәми Байшуақов, Ахметжан Жанпейісов, Гафур Мұхамеджанов, Еламан Жүнісбаев, Елеу Көшербаев сынды ағалардың тәжірибесін үйрендік, – деп еске алғаны есімде.
Ол Жаңақорған ауданына келген кезде Әбіласан Әшірбеков, Махмеджан Сапарбаев, Төрахан Біләлов, Смайыл Ысқақов және т.б ел ағаларымен жақын араласып, олардың ақыл-кеңесіне мән беріп, сыйласты. Алдынғы буыннан бөлек замандастарымен сыйластық қарыс-қатынаста болып, өзінен кейінгі буынға тәлімін сіңірді. Жаңақорған ауданында қызмет атқарған 10 жыл ішінде Бекмахан Дүйсенбаев, Срайыл Скендиров, Батырбек Ысқақов, Шазінда Қарақожаев, Махмұт Сыры­мов, Тұтқабай Сабырханов, Қалдыбек Кеншімбаев, Хасен Шәкетов, Әбсадық Әбсеметов, Қонысбек Қанаев, Сман Жұмаділлаев, Ануарбек Ахметов, Ералы Мұхаммеджанов, Нұрділла Палуанов, Нышанбай Төрежанов, Егенберді Әмитов, Сақ Мәуленқұлов, Мұхамедхан Есболғанов, Алғашбек Шаухаманов, Сапан Ерімбетов, Нұрберген Тастаев, Ғабит Оспанов, Алтынбай Мұстафаев және т.б азаматтармен замандас, аға ретінде араласты.
Арасат Файзуллаев, Манап Көкенов, Есіркеп Қоңқабаев, Бексұлтан Байкен­жеев сынды өнер адамдарымен рухани дос болып, үнемі қолдау көрсетті. Оның басшылығамен Халық ақыны Манап Көкеновтың 60 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде өтті. Республикалық деңгейде өткен айтысқа Жүрсін Ерманов арнайы келді. Көкшеден Көкен Шөкеев, Торғайдан Шымболат пен Қонысбай, Алматыдан Әлімқұл Жамбылов пен Жақыпбек Алтынбеков, Қостанайдан Әсия, оңтүстіктен Тәушан апа мен Әселхан, Оралдан Қатимолда келді. Қызылордалық ақындаран Замадин, Махматілла мен Кенжебай бастаған жиырмаға жуық сөз жүйріктері қатысты. Сәкең қонақтарды жылы қабылдап, жағдайын жасады, ал қонақтар өнерді шынайы бағалай білетін басшыға ризашылығын білдіріп кетті.
Таңғаларлығы, мерейтой барасында ақын Әбділда Тәжібаев, жазушы-драматург Қалтай Мұхаммеджанов, ғалым Мардан Байділдаев пен жазушы Дүкенбай Досжанға Сәкеңнің өзгелерді жұмсамай, өз қолымен шай құйып бергеніне куә болдық. Сірә, «Ұлық болсаң – кішік бол» деген қанатты сөз осындайда айтылған-ау шамасы. Тегінде, оның осындай қасиеттері халыққа жақындастыра түсіп, елдің ардақты перзентіне айналдырды.
Сәкең жаңақорғанда қызмет атқарған жылдары көптеген кадр­лардың өсіп-жетілуіне, басшылық қызметтерге тағайындалуына тікелей ықпал етті. Сол кездері жас мамандар Бекмырза Шалғынбаев, Керімхан Егізбаев, Қалау Саданов, Наятулла Қарақожаев, Әлімбай Шерубаев, Рақыш Мәмеков, Тұрсынхан Құрманбеков, Жолдасбек Бәйімбетов, Серік Еденбаев, Дәрібай Айдарбеков, Мырзаш Ахметов, Мұхамедхан Есболғанов, Нами Ибрагимов, Әзім Зайров, Нұрғали Минуаров, Ғалия Шабақова, Төленбек Қонысбаев, Жамбыл Ыдырысов, Құрбанбай Сұлтанов, Исабек Әлдібеков, Ермағанбет Ибрагимов, Әзия Қыстаубаева, Файзулла Яғұмысов, Есен Оңалбаев, Жәнібек Ерімов, Нұрмахан Елтаев және т.б азаматтар мекемелер мен бөлімдерге басшылық қызметтерге тағайындалды. Бұл азаматтардың бәрі де кейін өздерінің іскерлігімен халық ықыласына бөленді. Бұл – кадр таңдауда Сәкеңнің қателесе қоймағандығынан хабар берсе керек-ті.
Сәмит аға атқарған қызмет­те­рінде еңбексүйгіштігімен, шешімтал­дылығымен, көптің ортық тілін таба алатын мәмлегерімен танылады. Осыны ескерген басшылық тарап қызметте жоғарлауына жағдай жасады.
1989 жылы желтоқсан айында облыстық партия комитетінің хатшысы болды. Оны жаңа қызметке ауысып бара жатқанында әріптестері арасында қимастықпен көздеріне жас алғанын көрдік. Иә халыққа жақсы қырымен танылу әркімнің қолынан келе бермейтін қасиет.
Сәмит Далдабаев Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Жалағаш ауданының әкімі болып тағайындалып, 1997 жылға дейін атқарды.
Облыстық тәртіптік Кеңес басқармасының бастығы болып бекіді. Оның араласуымен жүздеген істер тездің талқысына түсті, жазықсыз жандардың жауапты болып кетуіне араша түссе, ары мен ұятын сыбайлас жемқорлыққа айырбастаған кейбір азаматтардың заң құрығынан сытылып кетуіне тоқтам қоя білді. Жүйелі жұмыс болғандықтан бір жыл ішінде тәртіптік Кеңес 136 шағымды қарап, 335 азаматты қабылдады.
2006 жылы Селолық тұтыну кооперативтері облыстық қауым­дастығы (ассоциациясы) қоғамдық ұйымының төрағасы ретінде атқарған ісі қомақты. Қоғамдық жұмыста ысылған қайраткер «Мүсірәлі Пір ата» қоғамдық қорының төрағасы ретінде Қызылорда қаласының орталығынан «Мүсірәлі Пір Ата» мешітін салуда үлес қосты.
Оның елге сіңірген еңбегі елеусіз қалған жоқ. 1966 жылы «Еңбектегі ерлігі үшін» медалымен, 1971 жылы «Құрмет белгісі», 1981 жылы «Халықтар достығы», 2010 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды. Сондай-ақ 1973 жылы «Қазақ ССР-ына еңбегі сіңген ауылшаруашылығы қызметкері», 1998 жылы «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қызметкер» атағына ие болды. Ол жұмыс тәжірибесін ғылыммен ұштастырған жан – ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты. 1978 жылы СОПК Орталық комитеті жанындағы Жоғарғы партия мектебін бітірген. 1965 жылдан бастап үздіксіз Тереңөзек, Сырдария, Жаңақорған және Жалағаш аудандық кеңесінің, 1975 жылдан Қызылорда облыстық Кеңесінің депутаты болып сайланды. Сайлаушылардың сенімін ақтап, олардың аманаттарын орындауға үлесін қосты.
Ол білікті басшы ғана емес, отбасының тірегі, ұл-қыздарының ақылшысы. Жары Айгүл Өміртайқызы екеуі тоғыз перзентіне тәлімді тәрбие сіңіріп, саналы білім алуына жан-жақты жағдай жасады. Жанат, Манат, Гүлзат, Роза ,Салтанат, Ғабит, Гүлнар, Мақсат пен Мәжит шаңырақ көтеріп, өмірден өз орындарын тапты.
Ал Сәмит аға болса баяғы сырбаз да сабырлы. Тегінде сүйегі асыл жандар осылай болса керекті.
Сыр елінің абыройын асқақтатып, ақылшы аға болып жүре беріңіз, құрметті Сәке!

Ерубай ҚАЛДЫБЕК,
Журналистер Одағының мүшесі,
Қазақстан Республикасы мәдениет қайраткері
23 мамыр 2020 ж. 827 0