» » "Үздік мемлекеттік қызметкер"

"Үздік мемлекеттік қызметкер"


Әрбір қызметтің өзіндік қиындығы бар. Десе де, қиынсынып, жалқаулыққа салынсаң, тірлік тұралайды. Сондықтан жүктелген жұмысты жауапкершілікпен атқару – үлкен абырой. Мемлекеттік қызметкерлер – Президент саясатын жергілікті жерде жүзеге асырушы, халық пен билікті байланыстырушы. Осындай сенім үдесінен шығып жүрген жаңақорғандық мемлекеттік қызметкердің бірі – Әшірали Оразгелдиев. Еңбек жолын қарапайым жұмысшы болып бастаған мақала кейіпкерінің мемлекеттік қызметте жүргеніне жиырма жылға жуықтады. Алғаш Сүттіқұдық ауылдық округі әкімі аппаратында жетекші маман, аудандық қаржы бөлімінде жетекші, бас маман, Жаңақорған кенті әкімі аппаратында бас маман қызметін абыройлы атқарған Әшірали ағамыз 2015 жылдан бастап аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінде бас маман. «Мемлекеттік қызметті алып жүру – абыройлы міндет. Бізге жүктелген сенімді ақтау үшін зор жауапкершілікті сезіне отырып, қызметті сапалы атқаруға жұмыс жасаудамын. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму динамикасының жоғары болғаны өңір үшін өзекті» дейді Әшірали Қойшыбайұлы. Осындай қызметіне деген адал қасиеті үшін аудан әкімі аппараты Әшірали ағамызды «Жылдың ең үздік мемлекеттік қызметкері» деп атады.
31 желтоқсан 2019 ж. 1 418 0