Соңғы жаңалықтар

"Талантты Жұлдыздар"

24 сәуір 2024 ж. 50

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Мұхтар Әуезовтен дәріс алған Мүтән ақсақал

Мұхтар Әуезовтен дәріс алған Мүтән ақсақал


Бүгін халықаралық отбасы күніне орай Жаңақорған кентінің тұрғыны, Бейсембиевтер отбасында үлкен қуаныш. Отасқандарына 55 жыл болған Мүтан ақсақал мен Серіккүл әжемізге аудандық мәслихат депутаты, жастар жанашыры Арман Мажитов мерекемен құттықтап, аудан әкімінің мерекелік Құттықтау хатын табыстады. Әрі әзиз әжемізге ақ жаулық сыйға тартып, ақ батасын алды.
Айта кетейік, Мүтән Бейсенбіұлы атамыз саналы ғұмырын білім саласына арнап, ұстаздық еткен. Қарашаңырақ КазГУде заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтен дәріс алып, Әбіш Кекілбаев, Мырзатай Жолдасбеков сынды мемлекет қайраткерлерімен бірге Жаңарық, Қыркеңсе, Бірлік ауылындағы білім ошақтарында 40 жыл бойы шәкіттерді білім нәрімен сусындатқан. Сексен бестің төріне шыққан Мүтан ата мен Серіккүл әжеден өрбіген ұрпақ бүгінде бір қауым елге айналған. Төрт ұл, үш қыздан тараған әулет 27 немере, 15 шөбере сүйіп отырған қария мен әзиз әженің ендігі тілегі елдің амандығы.
Берекелі отбасының берекелі тіршілігін "Қазақстан-Қызылорда" телеарнасы таспаға басып алды. Сәтін салса, алдағы аптада телеарна жаңалықтарынан көрсететін болады.


Әбдісамат ӘБДІШ
16 мамыр 2020 ж. 570 0