№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қарты бар ел – қазыналы

Қарты бар ел – қазыналы

Құрметтейік, қарттарды,
Сыйлайтұғын жастарды.
Немере мен балаға,
Қамқор болған қарттарды.
«Қарты бар ел – қазыналы ел». Қариясын сыйлап, үлкенге құрмет етіп, батасын алу – кемеңгерлікке тән игі дәстүр. Бұл дәстүрді «Жаңақорған аграрлы-техникалық колледж» ұжымы өзінше жаңғыртты. Халықаралық қарттар күні білім ордасының бас директоры Жомарт Абибуллаұлы бастаған топ колледжде ұзақ жылдар бойы еңбек еткен ардагерлердің шаңырағында болып, мерекемен құттықтады.


«NurOtan» партиясының колледждегі «Жалынды жастар» бастауыш партия ұйымының төрайымы Ханзада Дошан, директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Қуаныш Абилбашаров пен әлеуметтік педагог Гүлмира Нақыпбекова және көшбасшы студенттер ақылман ардагерлерге,кемеңгер қарияларға жылы лебіз білдіріп, құрмет көрсеті. Олар алдымен аудандық білім бөлімінің басшысы болған, колледжде директорлық қызметте табысты еңбек еткен Мақсұт Ибрагимовтыңшаңырағына барды. Аудан әлеуметінің артуына, білім саласының дамуына күш салған танымал тұлғаның серігі Хадиша ананы мерекесімен құттықтап, сый-сыяпат берді. Игі тілегін жеткізген колледж директоры Жомарт Шауенов:
– Бұл шаңырақты ұстаздардың ұстаханасы десек те болады. Мақсұт ағамыздан, өзіңіздей аяулы ақ жаулық иесінен туған ұлдарыңыз ауданның білім бөлімінің тұтқасын ұстап, бас ұстаз атанып отыр. Сіздердің ғұмырдарияларыңыз, еткен еңбектеріңізбүгінгі жастарға  қашанда өнеге, тәлім, тәрбие. Сіздердің ақ баталарыңыздың арқасында бүтін ел көгеруде. Сондықтан, ауданның дамуы үшін, білім ордасының биікке жетуі үшін еткен табанды тірліктеріңізге, өлшеусіз бейнеттеріңізге ерекше алғыс айтып, арнайы келдік, – деді.
Өткеннің өнегесіне құрмет көрсетіп, келешектің келбетіне жарқын қадамды бастаған азаматтар мұнан кейін ардагер ұстаздар Зияудин Әбілқайыров пен Фатма Мәмбетиярованың шаңырағына соғып, мерейлі мерекемен құттықтады. Қариялардың елеулі еңбегі үшін алғаусыз алғыс айтып, ақ батасын алды.  Ал, белсенді студенттер қарттарға арнап, гауһар жырдан жақұт тақты. «Ұстазым» әнін хормен шырқап, ардагер ұстаздардың  көңілін марқайтты.
"Қария - көңілі дархан дария". Арнайы келіп, құттықтаған басшылыққа дән риза болған ардагерлер жүрекжарды лебізін жеткізді.
–    Алыстан Ассалаумағалейкум, деп амандасса қуанатын халге жеттік. Айналайын, балаларым, арнайы келіп, көңіл бөліп, құттықтағандарыңа рахмет. Үйде отырсақ та, ынта-ықыласпен білім ордасының өркендеуіне тілекші болып отырмыз. «Батаменен ел көгерер» демекші, осындай қариялардың алғысымен өркен жайып, өрлей беріңіздер, – деді Зияудин Әбілқайыров. 
Айта кететіні, ардагерлерге колледж директорының және кәсіподақ ұйымы атынан қаржылай және заттай сыйлықтар табысталды.
.                                  Гүлжауһар АХМЕТОВА
06 қазан 2019 ж. 1 384 0