№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

№86 (8797) 29

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ОТБАСЫ БЕРІК БОЛСА, ЕЛ ДЕ БЕКЕМ!

ОТБАСЫ БЕРІК БОЛСА, ЕЛ ДЕ БЕКЕМ!

Сендерге әрдайым орын бар,
Ақ отау төріне қоныңдар.
Ақ тілек батамыз мінекей,
Бақытты болыңдар, болыңдар...



Иә, жас жұбайларға өнегелі өмір тілеп, ақ бата беру, дәстүр сабақтастығын қайтата жаңғырту қайта қолға алына бастады. Осындай мақсаттағы мағыналы шара Жаңақорған ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімінде ұйымдастырылды. 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай жас отбасы Дінмұхамед Құрықбаев пен Ақбота Әбдібек осындай ұлағатты жолмен неке куәліктерін алды.
Неке тіркеу рәсімінде арнайы шақырылған қонақтары өнегелі отбасының тұтқасын ұстаған Елеусіз Сейдеметов пен Орынкүл Сейдеметова болды. Алтын алқа иегері Гүлбибі Ахметова да жастарға ақ лебізін жеткізді. 57 жылдан бері тату-тәтті ғұмыр кешіп келе жатқан абысын-ажынды үлгі ретінде жас келінге көрсетті. Расында, «...абысын тату болса ас көп» деген бекер айтылмағанның куәсі болдық.
Іс-шараның өтуіне ұйытқы әйелдер істері және отбасы демографиялық саясат жөніндегі аудан әкімінің кеңесшісі, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Азия Қыстаубаева:
– Бүгінде Жаңақорған топырағында жастарға өнеге болатын, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеп отырған отбасылар аз емес. Кешегі тоқырау жылдарында қиындық бүйірден қысса да, ауыртпалықты бірге көріп, бүгінде немере-шөбере сүйіп отырған ата-әжелердің өмір жолынан ғибрат алу жас ұрпақтың парызы. Себебі, қазір отбасы құндылығын сақтап қалу үлкен мәселеге айналды. Осындай ұрпақ сабақтастығы арқылы біз қайтадан өнеге өрімін қалыптастыра аламыз, – деп жастарға жылы лебізін білдіріп, қонақтар мен жас шаңыраққа сый-сыяпатын табыстады.
Ал, Елеусіз қария, Орынкүл мен Гүлбибі әже жас шаңыраққа ақ батасын беріп, жаңа өмірге қадам басқан қадамдарына құт тіледі. Отбасы берік болса, ел де бекем болатынын түсіндірді. Жаңақорған ауданының жұмыспен қамту орталығының басшысы Жаңабек Тұрлыбекұлы те қарияларға алғыс білдіріп, жас отбасыларға берекелі ғұмыр тіледі. АХАТ бөлімінің бас маманы Гүлнар Абдуллаева жас неке қию куәлігін тапсырып, келген қонақтарға алғысын жеткізді.
Ал, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің өнерпазы Әбсұлтан Байкенжеев жыр шашуын арнады.

Әли ЖАРЫҚБАЕВ.
18 мамыр 2019 ж. 935 0