Қорғантоғайлық ағайынның қарекеті кісі қуанарлық
⠀Жаңақорған кентінде Қорғантоғай мөлтекауданы бар. Тоғай деген аты болмаса, бір қауым елі бар. Таяқ тастам жерде, дарияның табаны. "Заңғар-2" атты дүрдей сауда орталығы бар. Тұрғындары да ұйымшыл. Жығылғанға демеу, сүрінгенге сүйеу, тұрмысы тұралағанға пана болуға қашанда дайын. Пана демекші, бүгін қасиетті жұма күні қорғантоғайлық жасы бар, жасамысы бар жұдырықтай жұмылып, құрбандығын шалып, баспана салуға кірісті.
⠀
Кімге? Қауым елдің арасында отырған қорғантоғайлық ақ жаулықты анамызға. Отағасы осыдан бірнеше жыл бұрын дүниеден өткен. Төрт қызын оқытып, ешкімнен кем қылмай тәлімді тәрбие беріп отырған ананың қуанышында шек жоқ. Бұған дейін ескі тамда күнелткенін күнделікті көріп жүрген көршілері кеңесе келе, осындай шешімге келген. Қасиетті айда бастау алған баспананы асаршылар сәтін салса, күзге дейін кіргіземіз деген ниетте. Ұстасы да, асаршысы да сол қорғантоғайлық. Ортадан қаржы жинап, баспананың қабырғасын өруді бастап кетті. Алла берексін берсін! Ағайынның ауызбіршілігін арттырсын!

Әбдісамат ӘБДІШ