» » Ақсарбас: 3-ші баспананың құрылысы басталды

Ақсарбас: 3-ші баспананың құрылысы басталды


Қасиетті Рамазан айының, жұма күні "Жаңарған Жаңақорған жастары" еріктілер тобы шын мұқтажға арналған 3-баспананың қабырғасын қалады. Бұған дейін асар әдісін жаңғырту арқылы 2 тұрғын үйді пайдалануға берген ерікті жастар енді үшінші баспананы соғуға белді буып кірісіп кетті.

Ауданның бас имамы Садулла қажы Омаров, "Қум сахаба" мешітінің Сейтжаппаров Ержан тақсыр мен "Хисамиддин Сығанақи" мешітінің имамы Жеңіс Ашимовтың батасын алып, "ЖЖЖ" ерікті жастары асарлату дәстүріне дем берді.

Өз кезегінде "Жаңарған Жаңақорған жастары" қоғамдық қорының аға буын өкілі Қоғамбек Бейсенбиев, Қайрат Оралбеков, Дәулет Тұрабаев, Арман Мажитов, Нұрхан Айдаров және қор төрағасы Еркінбек Айнақожаев Жаңақорған жастары мен жомарт жандарды қасиетті айда бастау алған берекелі іске атсалысуға шақырды.

Айта кететіні, бұған дейінгі 2 тұрғын үй құрылысында іргетасын қалаудан бастап, қоныс тойына дейінгі қарекетте "ЖЖЖ" белсенді мүшесі Данияр Асанұлы жауапты болған еді. Бұл жолы да баспананың құрылысы біткенше ерікті бригадир ретінде Данияр бауырымызға таңдау түсті.

Ендігі кезекте, баспана құрылысына қажетті қандай да материалдық, қаржылай, қол көмек көрсетемін дейтін жомарт жандар болса, тікелей Данияр Досантаевқа хабарласуына болады.

Kaspi gold: 8702-600-68-78 осы номерді терсеңіз, Данияр Асайнович деп шығады. "Садақаны сауыңда бер" дана қазақ. Алла тағала ораза айында берген садақаңызды қабыл етіп, еселеп қайтарсын!

Р.S... Алдағы "ЖЖЖ" ерікті жастарының желідегі "Фейсбук" және "Инстаграм" парақшасында күнделікті ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ететін боламыз.
02 мамыр 2020 ж. 506 0