PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (8360) 30

30 мамыр 2020 ж.

№39 (8359) 26

26 мамыр 2020 ж.

№38 (8358) 23

23 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » » Рамазан айында 3-ші баспананың құрылысы басталды

Рамазан айында 3-ші баспананың құрылысы басталды

  Қасиетті Рамазан айының, жұма күні "Жаңарған Жаңақорған жастары" еріктілер тобы шын мұқтажға арналған 3-баспананың қабырғасын қалады. Бұған дейін асар әдісін жаңғырту арқылы 2 тұрғын үйді пайдалануға берген ерікті жастар енді үшінші баспананы соғуға белді буып кірісіп кетті.

Ауданның бас имамы Садулла қажы Омаров, "Қум сахаба" мешітінің имамы Сейтжаппаров Ержан тақсыр мен "Хисамиддин Сығанақи" мешітінің имамы Жеңіс Ашимовтың батасын алып, "ЖЖЖ" ерікті жастары асарлату дәстүріне дем берді.

Өз кезегінде "Жаңарған Жаңақорған жастары" қоғамдық қорының аға буын өкілі Қоғамбек Бейсенбиев, Қайрат Оралбеков, Дәулет Тұрабаев, Арман Мажитов, Нұрхан Айдаров және қор төрағасы Еркінбек Айнақожаев Жаңақорған жастары мен жомарт жандарды қасиетті айда бастау алған берекелі іске атсалысуға шақырды.

✍️Айта кететіні, бұған дейінгі 2 тұрғын үй құрылысында іргетасын қалаудан бастап, қоныс тойына дейінгі қарекетте "ЖЖЖ" белсенді мүшесі Данияр Асанұлы жауапты болған еді. Бұл жолы да баспананың құрылысы біткенше ерікті бригадир ретінде Данияр бауырымызға таңдау түсті.
02 мамыр 2020 ж. 285 0