№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ел тыңдаған ертегі

Ел тыңдаған ертегі


Ертегі ешқашанда ескірмейтін ұлттық құндылық. Салт-дәстүріміз сан қилы заман басынан өткерсе де, еш өңін бұзбай, ерекше сарынмен өміршеңдігін айқындап келеді. Ел басына қысылтаяң күн туғанда да елдің рухани құндылығын дәріптеуге еш кедергі бола алмайды. Мұны аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Мейрамкүл Айымбетованың халықаралық кітап және авторлық құқық күніне арнап әлеуметтік желіде жарияланған «Ертегі тыңда, балақай!» атты онлайн ертегі оқу шарасынан байқадық.

Әлеуметтік шара «Түлкі мен бөдене», «Торғай мен тышқан», «Ең қымбат нәрсені ұмытпа» секілді ертегімен басталды. Өспірімдердің дүниетанымын арттырып, көзқарасын қалыптастырып ертегілердің аудио жазбасын жариялады. Бұл балалардың ертегі оқуға деген қызығушылығын оятатын шараға ауданның жас оқырмандары белсенді қатысты. Әсіресе отбасымен бірге ертегі тыңдауға құлшынысты оятты. Ата жолынан тәлім беретін халық ертегілерін насихаттауға тамаша мүмкіндік ашылды.
Кент тұрғыны Гүлмира Арынова баласына ертегі тыңдатып, оның мазмұнын жаттатуға мән беріп жүр. Ол кітапханашылардың бастамасына ризалығын жеткізіп: «Карантин уақытында балалардың әр сәтін тиімді өткізу ата-ана үшін міндет. Үйде отырып, балаларға ертегі бір тыңдатып едім, балалар қайта-қайта сұрап, әр ертегіні жаттап алуда. Аудио ертегі әсіресе ертегіні елітіп оқуға шорқақтау ата-ана үшін таптырмас құрал» деді.
Апта сайын бір ертегінің желісін таңдап, оны өз даусымен оқып, компьютердің мүмкіндігімен әрлеп, тыңдарман қауымға тамаша тарту жасауға бастамашыл болған Мейрамкүл Айымбетованың ісі республикадағы кітапханашыларға үлгі екені анық. Ол баланың кітап оқуға деген қызығушылығын қалыптастырып, ізденісін шыңдап, талабын қолдайтын бастама балалардың уақытын тиімді пайдалануға таптырмайтын жоба.
– Карантин уақытында оқырман қауымға жақындауды жөн санап, ертегі оқуды бастадық. Алғашқы күннен бастап-ақ, балалар ертегіге өз ойларын жазып, кері байланыс болуда. Осы себепті бар мүмкіндікті қалт жібермей, ізденіп, аптасына бір ертегі дайындап жатырмын, – деді меңгеруші.
Әлеуметтік желі арқылы кітап оқуға насихаттау – өз ісін шынайы сүйетін маманның мүмкіндігін аша түскендей. Бұл дегеніңіз, аудандық балалар кітапханасының ұжымы тығырықтан жол таба білді.
Аудандық орталық кітапханасының директоры Әсемкүл Манапқызы: «Кітап сарқылмайтын білім бұлағы. Білім іздеген жанға, рухани азық жинаған жанға еш кедергі болмайды. Біздің кітапханашы қауымы халықты қандай қиындық болса да рухани күш сыйлауға барын салады», – дейді.

Мақпал МАРҚАБАЙ
25 сәуір 2020 ж. 924 0