№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Әжем айтқан ертегі

Әжем айтқан ертегі


Баланы кітап оқуға баулу, кейіпкердің болмыс-бітімін бойына сіңіру маңызды. Әсіресе ертегінің мән-мазмұнын түсіндіру арқылы ой-өрісін дамытып, дүниетанымын кеңейтуді басшылыққа алған дұрыс. Аудандық балалар кітапханасы осы бағыттағы шараларға ұйытқы болып келеді.


Жаңақорған кентіндегі «Нұрай-Қыдыр», «Нұр-Дамир», «Айханым» және «Бағнұр» балабақша тәрбиеленушілері таңғажайып ертегі әлеміне саяхат жасап, кітап оқудың мән-мазмұнын түсінді. Тағылымды шарада әжелер де бой көрсетті.
Кездесу шымылдығы кітапхананың жас оқырманының бірі, №163 мектептің 1-ші сынып оқушысы Бейбіт Салтанаттың ән шашуымен ашылды. «Нұрай-Қыдыр» балабақшасының тәрбиеленушілері Нұржігіт Ділдәбек пен Нұрай Халиолла ертегі оқып, балалармен бірге қиял әлеміне саяхат жасады. Балғындар көпшілікке өз өнерін салуға асықты. Олардың қатарында Айжан Нұрдаулетқызы, Балжан Бейсенбек және Әминахан Нұрлан және Боранбай Нұрислам бар. Өнерпаздар көптің көңілін көтеріп, думандатқаны үшін сыйлықтан да құр қалмады.
Балалардың бал-бұл жанған жүздерін көрген әжелер де алғыстарын жеткізді.
– Адам баласын барша мұратына жеткізер білім екенін балаға осы бастан түсіндіріп, кітап оқуға тәрбиелеу мектептің ғана емес, ата-әженің міндеті. Отбасындағы құндылықтарды дәріптеп, әже мен немеренің арасында алтын көпір болған осындай игі шаралар жалғасын таба берсін, – деді зейнеткер ұстаз Нағима апа.
Рухани кеш қонағы кент тұрғыны Ұлтуар апа «Айналайын құлыным» әнін балаларға тарту етті. Мерекеге осындай тарту-таралғыларымен келген жандар сәбилердің көңіліне шаттық сыйлап, кітап оқудың маңызы жан-жақты түсіндірілді. Шараға мұрындық болған аудандық балалармен мәдени тәрбие орталығы қызметкері Фарида Маханова және «Нұрай-Қыдыр», «Нұр-Дамир», «Айханым», «Бақнұр» балабақшалары аудандық кітапхана басшысы Әсем Тілеубергенованың «Алғыс хатымен» марапатталды.
– Балабақшадағы тәрбиеленуші балғындардың әжелерімен байланыс орнатып, әже мен немерені біріктірудің тың тәсілін қолға алуды жөн көрдік. Осындай жолмен балабақшадан бастап балалардың кітап оқуға деген ынтасын арттыруды көздеп отырмыз, – деді балалар кітапханасы бөлімінің меңгерушісі Мейрамкүл Айымбетова.

Майра ҒАНИЕВА
11 қаңтар 2020 ж. 3 480 0