» » АМТ нақты нәтижелерге қол жеткізді

АМТ нақты нәтижелерге қол жеткізді


Біздің қоғамның дамуы жағдайындағы қоғамдық бақылаудың рөлін бағалау күрделі. Азаматтық қоғам өкілдерінің белсенді қатысуы заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етуге және елдегі ағымдағы ахуалдың проблемалық мәселелерін анықтауға мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні Агенттік жанынан құрылған Арнайы мониторингтік топтың қызметі қазақстандықтардың өмір сүру салаларының көпшілігін қамтитындықтан біз мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есеп берушілігіне қол жеткізу мәселелеріндегі жақсаруларды байқап отырмыз.
Аз жұмыс жасалған жоқ, алайда, сыбайлас жемқорлықты төмендетуге жеке үлесін  қосқысы келетін әлеуметтік белсенді азаматтар саны жылдан-жылға артып келе жатқандықтан, атқаратын жұмыстар әлі жеткілікті.
Бүгін республикалық және облыстық АМТ құрамына қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, кәсіпкерлер, әртүрлі саладағы сарапшыларды қоса алғанда, өңірлердің белсенді тұрғындары қатысуда.
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің АМТ-мен бірлескен қызметінің қорытындысы ағымдағы жылы сәуірдің 17-де KazKenes коммуникациялық алаңы арқылы онлайн-режимде өткен мәжіліс барысында шығарылды.
Іс-шараға республикалық және өңірлік АМТ мүшелері, Агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің басшылары қатысты, қатысушылардың жалпы 100-ден астам мәжіліс барысы Facebook әлеуметтік желісіндегі Агенттіктің ресми парақшасы арқылы онлайн режимде көрсетілді.
Өңірлерде жүргізілген жұмыстарды бірқатар өңірлік АМТ басшылары ұсынды (Алматы, Маңғыстау, ШҚО, Қостанай, Қарағанды, Шымкент).
Атап айтқанда, қоғамшыларды бірінші тоқсандағы жұмыс қорытындысын бірнеше бағыт бойынша ұсынды: ТЖ кезеңіндегі әлеуметтік-маңызды объектілердің мониторингі (дәріханалар, дүкендер, сондай-ақ блок-бекеттер), сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама, білім беру, сумен жабдықтау, әлеуметтік саланың мониторингі.
Барлық спикерлердің баяндамаларын қорытындылай келе, бірінші тоқсан жұмысының келесі нәтижелерін атап өтуге болады:
АМТ ҰБТ-ның өтуін бақылауды қамтамасыз етті.
Жыл басында бірінші сынамалық ҰБТ-да АМТ-ның 176 мүшесі бақылаушылар ретінде қатысты. Тестілеу барысына мониторинг жүргізу барысында АМТ мүшелері ҰБТ өткізу ережелерін 300-ден астам бұзушылық фактілерін анықтады.
АМТ-ның сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша жұмысы
Жыл басынан бері қоғамшылдар 298 мемлекеттік органның қызметіне мониторинг жүргізді. Олардың нәтижелері бойынша НҚА-ға түзетулер енгізіліп, мемлекеттік мекемелердің ұйымдастыру-басқару қызметін трансформациялау бойынша кешенді ұсынымдар әзірленді. Тек мемлекеттік сатып алу саласында ғана 635 ұсыным берілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу шеңберінде АМТмүшелері орталық және өңірлік деңгейлердегі жұмыс топтарының құрамына қосылды.
Мәселен, өткен кезеңде АМТмүшелері экология саласында сыртқы талдау жүргізуге қатысты. Жүргізілген талдаулар қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша 30 ұсыным енгізілді.
Сондай-ақ, республикалық АМТ мүшесі, жер құқығы саласындағы сарапшы Б. Базарбек жер заңнамасын жетілдіру бойынша ұсынымдар дайындады.
АМТ-ның Аагенттіктің жаңа бастамаларына қатысуы
Еліміздің барлық өңірінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама бойынша 23 семинар ұйымдастырылып, оған 1024 қатысушы қатысты. Аталған іс-шараны ұйымдастырушылар «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры» қоғамдық қоры, Нидерланды Корольдігінің Елшілігі, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы, «Параграф» ақпараттық жүйесі Агенттіктің «Халық заңгері» акциясы бойынша серіктестері болды.
23 семинардың 7-еуі Антикор – орталықтары алаңында, 2-еуі өңірлік ЖОО-лар базасында, қалғандары МБА филиалдары базасында өтті.
Семинар жұмысына тәжірибелі заңгерлер, академиялық қауымдастық және квазимемлекеттік сектор өкілдері қатысты. Спикерлер ретінде республикалық АМТ мүшелері З.К. Батталова мен М.Т. Габдуалиев сөз сөйледі.
Өңірлік семинарлар БАҚ және әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланды (100-ден астам жарияланым).
ТЖ кезеңіндегі АМТ қызметі
Карантин кезеңінде АМТ қолданыстағы ТЖ ережелері талаптарының сақталуы тұрғысынан блок-бекеттерге тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. Аталған жұмыс қызметі тіршілікті қамтамасыз етуге бағытталған жүк тасымалдарын жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілерді болдырмау мақсатында атқарылады. Осы жұмыстардың барлығы әлеуметтік желілерде кеңінен жарық көруде.
Барлық өңірде әлеуметтік маңызы бар объектілерге (сауда орталықтары, базарлар, дүкендер, дәріхана пункттері) қажетті тауарлардың бар болуы және оларға белгіленген бағалардың сәйкестігі тұрғысынан мониторинг жүргізілді.
Осымен қатар, індетке қарсы шараларға қолдау көрсетуге, коронавируспен күресу үшін қажетті медициналық препараттар мен жабдықтарды сатып алуға бөлінген қаражаттың жұмсалуына қоғамдық бақылау жүзеге асырылады.
Батыс Қазақстан облыстық АМТ мүшелерінің араласуынан кейін жергілікті кәсіпкерлермен бірге медперсоналдың облыс орталығының қонақ үйлерінде тұру мәселесі оң шешімін тапты.
Қоғамдық пікір көшбасшылары бола отырып, АМТ мұқтаж азаматтарға қолдау көрсету бойынша үлкен жұмысты ерікті түрде  жүргізуде. Бүгінгі таңда 10 мыңнан астам отбасы төтенше жағдай кезінде азық-түлік көмегін алды.
Республикалық АМТ мүшесі Р. Кибке «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы карикатура» тақырыбында оқушыларға арналған суреттердің конкурсын өткізді. Қазіргі уақытта Instagram желілерінде онлайын дауыс беру жүріп жатыр. Бұл тәжірибені тарату ұсынылды.
Сонымен қатар, барлық деңгейдегі АМТ тікелей эфирге шығып, халыққа заң консультациясы мен құқықтық көмек көрсетеді. Олардың қатарында Т.Бердонғар, Р. Ошақбаев, Р. Гасанов, А. Ассанди, Б. Базарбек, А. Жексен және басқа да белсенді блогерлер мен сарапшылар бар.
Мәжіліс қорытындысы бойынша Агенттіктің аумақтық департаменттері мен АМТ арасындағы өзара іс-қимылды жандандыру туралы келісімге қол жеткізілді. Агенттіктің аумақтық бөлімшелеріне сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бойынша өңірлердің оң тәжірибесін тарату және АМТ қызметін кеңінен жариялау бойынша жұмысты жандандыру тапсырылды.
Жалпы, АМТ қызметі мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл мәселелерінде азаматтық қоғам институттарымен сындарлы өзара
іс-қимылды нығайтуға және тиімді шешімдер әзірлеу процесіне қоғамды кеңінен
тартуға мүмкіндік берді.
23 сәуір 2020 ж. 349 0