№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ КАРТАСЫ ІСКЕ АСАДЫ

ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ КАРТАСЫ ІСКЕ АСАДЫ


Жол салу, әлеуметтік нысандардың құрылысы, көгалдандыру және өзге де жұмыстардың сапалы орындалуын «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы назарға алады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Абзал Мұхимов мәлімдеді.
Оның айтуынша, қоғамдық бақылау картасы ауылдық елді мекендерде құрылған бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуына да бақылау жасайды.
«Бақылау үш түрлі тәсіл арқылы жүргізіледі. Бірінші жолы қоғамдық бақылау картасын қалыптастырудың қарапайым және күрделі емес тәсілдерінің бірі әлеуметтік желілер мен телефон байланысын пайдалану болып табылады. Яғни, ватсап және телеграм мессенджерлері арқылы. Екінші жолы «Qamqor» қосымшасы арқылы, үшінші тәсілі аудандарда құрылған арнайы мониторингтік топтар арқылы жүргізілетін болады", - деді А.Мұхимов. 
Арнайы мониторингтік топтың басшысы Анар Ізденнің айтуынша, бұл бастама жол және әлеуметтік нысандар құрылысы, медицина, білім беру және басқа салаларда сыбайлас жемқорлық көріністерін байқаған тұрғындарға пікірлерін ашық айтуға және жемқорлықтың алдын-алуға мүмкіндік береді.
08 наурыз 2018 ж. 1 199 0