№47 (8758) 15

15 маусым 2024 ж.

№46 (8757) 11

11 маусым 2024 ж.

№45 (8756) 8

08 маусым 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
» » Қайырымдылық шарасы өтті

Қайырымдылық шарасы өтті


Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті жанынан құрылған арнайы мониторингтік топтың мүшесі Жасұлан Жакуповтың ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өткізілді.
Шағын футбол ойынынаҚазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің құрама командасы, жергілікті атқарушы органдардан және белсенді жастардан құралған                     23 команда қатысты. Қайырымдылық футболы "Евразия" және "Сейхун" мәдени спорт кешенідерінді бір мезгілде өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды«Еріктілер жылы» деп жариялады.Жастар арасында кең тараған бағыттың тағы бірі – спорттық еріктілік екендігін ескерсек, еріктілер жылы аясында облысымыздың белсенді жастары алаңда доп теуіп те, қайырымды іс жасауға болатынын көрсетті.
Турнир ұйымдастырушылары Жасұлан Жакуповтың мәлімдеуінше аталған турнирдің басты мақсаты – "Сабалақ" саяжайында үйі өртеніп үйсіз қалған жас отбасыға көмектесу яғни турнирден жиналған қаржыны жас отбасыға табыстау.
Қайырымдылықты жанына жалау етіп, аймақтың өркендеуіне үлес қосып жүрген азаматтардың басын біріктіріп, маргиналдық масылдықты жою мақсатында аянбай қызмет жасап жүрген жастардың басын біріктіріп үлкен шара ұйымдастырылды.
20 қаңтар 2020 ж. 633 0