Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ​«Antikor ortalygynda» брифинг өтті

​«Antikor ortalygynda» брифинг өтті


Бүгін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті жанынан құрылған «Aқмешіт-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Ж. Тұсмағамбетов атқарылған жұмыстар бойынша «Antikor ortalygynda» брифинг өткізді.
Қызылорда қаласы және облысқа қарасты жеті ауданда«Aқмешіт-адалдық алаңы» жобалық кеңселері ашылып, құрамында түрлі сала өкілдерінен құралған, арнайы тұрақты жұмыс жасайтын мамандармен қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, Жоба қызметінің әрбір бағыты бойынша 20-дан астам азаматтық қоғам өкілдері қатыстырылуда.
Қызылорда облысында 144 ауылдық округтерде «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысшы топтары құрылып, қабылдау орындары белгіленіп, жауапты қызметкерлер бекітілген.
Өткен жылы облыстық департамент, басқарма басшылары жобалық кеңсе алаңында тұрғындарды қабылдап, олардың мәселелерінің оң шешім табуына ықпал етілді.
Облыс бойынша 304 мемлекеттік мекеменің бірінші басшылары бірінші қабатқа ауыстырылып, 47 мекеменің "Ореп space" форматындағы  жұмысынатұрғындар өз ризашылықтарын білдіруде.
Қызылорда қаласы мен облыс аудандарында лекторлық және арнайы мониторингтік топтар, "Саналы ұрпақ" (Жоғары оқу орындары мен колледждерде) және "Адал ұрпақ" (мектептерде) клубтары тұрақты жұмыс жасауда.
Өткен жылдың ақпан айынан бастап Қызылорда облысының жоғары және орта арнаулы отыз екі оқу орындарында адалдық елшілері жасақталды.
Облыстағы 293 білім беретін мектептерде бір уақытта  бейне байланыс арқылы "Парасаттылық сабақтары" кестеге сәйкес екі мәрте өткізілуді. Бұл шараға 30 мыңға жуық оқушылар қатысты. 
Шара соңында «Aқмешіт-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Ж. Тұсмағамбетов тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою үшін барлық тұрғындарды біріге жұмыс жасауға шақырды.
06 ақпан 2020 ж. 875 0