№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әлемді дүрбелеңге салған індет

Әлемді дүрбелеңге салған індет


«Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес, төтенше жағдай - азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын қорғау мүдделерiнде ғана қолданылатын және азаматтардың, шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарына жекелеген шектеулер белгiлеуге жол беретiн және оларға қосымша мiндеттер жүктейтiн, мемлекеттiк органдар, ұйымдар қызметiнің ерекше құқықтық режимі болып табылатын уақытша шара.
Әлемді дүрбелеңге салған індет кезінде  республика халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елімізде төтенше жағдай енгізілді.
Мемлекет басшысының Жарлығымен төтенше жағдай кезеңінде ойын-сауық орталықтарының, мейрамханалардың, мәдени ошақтардың, басқа да көпшілік орындарының қызметі тоқтатыла тұрып, бұқаралық, отбасылық шараларды өткізуге тыйым салынды. Індет орын алған аймақтарда карантин енгізіліп, санитариялық-эпидемияға қарсы ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Өздеріңізге белгілі, мұндай жағдай біздің Жаңақорған ауданында да тіркеліп, аудан көлемінде карантин енгізілді.
Төтенше жағдай азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында жарияланып отырған қадам болғанына қарамастан, аудан көлемінде тәртіпке бағынбай, мемлекеттік орган белгілеген төтенше жағдай режимін бұзушылар да кездесуде.
Президент Жарлығында төтенше жағдай кезіңіне отбасылық шараларды өткізуге тыйым салынатыны белгіленіп, мемлекет басшысы өзінің халыққа үндеуінде «басты тойларымыздың әлі алда екенін» айтса да, осындай сындарлы сәтте той жасаушылар табылып жатқаны қазір барлық ақпарат құралдарында қызу талқыға салынуда.
Жаңақорған ауданы бойынша осы кезеңде осындай келін түсіріп, қыз ұзатушыларға қатысты екі әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Бірінші жағдайда Жаңақорған кентінің тұрғыны азаматша Ж. 27 наурыз 2020 жылы өзінің  үйінің ауласында қыз  ұзатып, той жасаса, екінші жағдай бойынша Сунақата ауылының тұрғыны азаматша А. 28 наурыз 2020 жылы үйінде төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттiк орган белгiлеген режимдi бұзып, баласын үйлендіріп, беташар тойын жасаған.
 Аталған екі азаматша да аудандық сот қаулысымен төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 476-бабының 3-тармағымен кінәлі деп танылып,  олардың асырауында он төрт жасқа толмаған балаларының болуы ескеріліп, он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 26510 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Сондай-ақ, сот қаулысымен төтенше жағдай кезінде букмекерлік кеңсенің жұмыс жасауына жол беріп, тұтынушыларға қызмет көрсеткен 2 тұлға әкімшілік қамаққа алынып, 1 азаматшаға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл белгіленді. 
Осы кезең, төтенше жағдай уақыты-береке-бірлігіміз сыналатын уақыт.  Татулық пен бірлік, сақтық шаралары бізді кез-келген қиындықтан алып шығады.Әрқайсысымыз өз міндетімізді жауапкершілікпен орындасақ, бұл қиындықтан тезірек шығамыз.
ЖаҺандық індетке қарсы тұрудағы бізге жүктелген міндет-ол мемлекеттік органмен белгіленген тәртіпті бұзбай, әрбіріміздің ортақ жауапкершілікті сезінуіміз. Біздің жауапкершілігіміз-ол ортақ қауіпсіздік.
Ендеше, сыннан сүрінбей өту үшін тәртіпке бағынайық, ағайын, басты тойларымыз алда.

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ
03 сәуір 2020 ж. 602 0