№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тәртіпке бағынбай той жасаған азаматша әкімшілік жазаға тартылды

Тәртіпке бағынбай той жасаған азаматша әкімшілік жазаға тартылды


«Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы Жарлығымен әлемде таралған коронавирус індетіне байланысты Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төтенше жағдай жарияланған.
Президент Жарлығымен ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық атаулы-іс шараларды өткізуге тыйым салынған.
Соған қарамастан өңірімізде төтенше жағдай режимін бұзу фактілері де орын алуда.
Осындай істің бірі бүгін Жаңақорған аудандық сотында қаралды.
Сунақата ауылының тұрғыны А. 2020 жылғы 28 наурыз сағат 18.00 шамасында өзінің үйінде ұлының үйленуіне байланысты адамдар жинап, беташар тойын жасап, төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттiк орган белгiлеген режимдi бұзған.
Аудандық соттың 2020 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен азаматша А. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 476-бабының 3-тармағымен кінәлі деп танылып, оның асырауында он төрт жасқа толмаған баласының болуы ескеріліп, он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 26510 теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Сонымен қатар сот өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан тұлға А.-ның білім беру мекемесінде мұғалім болып қызмет атқара отырып, төтенше жағдай режимін бұзып, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған әрекетіне Жаңақорған аудандық білім бөлімінің басшысының назарын аудару қажет деген негізде жекеше қаулы қабылдады.
Елімізде төтенше жағдайдың азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жарияланғанын ескере отырып, аудан халқын төтенше жағдай режимдерін қатаң сақтауға шақырамыз.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
01 сәуір 2020 ж. 806 0