№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Жаңақорған аудан тұрғындарының назарына

Жаңақорған аудан тұрғындарының назарына


Құрметті аудан тұрғындары!
Өздеріңізге белгілі Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылғы 16 наурыздағы 08 сағат 00 минут пен 2020 жылғы 15 сәуірдегі 07 сағат 00 минут кезеңінде төтенше жағдай енгізіліп, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев еліміздегі барлық қоғамдық шараларды тоқтату туралы бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Қазіргі таңда Жаңақорған аудандық сотында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында талап арыздар, қылмыстық әкімшілік істер, хат хабарлар төтенше жағдайға байланысты электронды қабылдануда және «Сот кабинетін» кез келген  аудан тұрғыны үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ осы сервис арқылы құжаттарынэлектронды түрде жолдай алатынын түсіндіреміз.
Аудандық сотта сот отырыстары төтенше жағдайға байланысты қашықтықтан (бейне конференция байланысы, мобильді бейне конференция байланысы арқылы) өткізілуде, кейбір санаттағы істердің қаралуы төтенше жағдай аяқталғанша кейінге қалдырылуда.
Төтенше жағдайға байланысты азаматтарды қабылдау, «Ашық есік күндері», семинар, дөңгелек үстелдер уақытша тоқтатылды.
Осы жасап жатқан шаралар азаматтардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіп-қатерлерді барынша азайтуға бағытталған.
Аудан тұрғындарын төтенше жағдайға байланысты түсіністік танытып, дәл қазіргі кезеңде соттасатын уақыт емес екенін ескеріп, «Үйде қалуға шақырамыз». 

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
31 наурыз 2020 ж. 887 0