№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АСТАНА МЕН СОЛТҮСТІК ОБЛЫСТАРДЫ ГАЗДАНДЫРУ ҚЫЗЫЛОРДАДАН БАСТАУ АЛАДЫ

АСТАНА МЕН СОЛТҮСТІК ОБЛЫСТАРДЫ ГАЗДАНДЫРУ ҚЫЗЫЛОРДАДАН БАСТАУ АЛАДЫ


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, Қараөзек - Жезқазған - Қарағанды - Теміртау – Астана газ құбыры жүргізіледі. Еліміздің орталық және солтүстік өңірлерін газдандыру алдағы 1 жарым жылда жүзеге асады. Нәтижесінде 2,7 миллионға жуық адам табиғи отынның игілігін көреді. Сондай-ақ, бұл жоба Астанадағы ауаға тарайтын зиянды заттардың көлемін алты есеге азайтып, бас қаланың экологиялық ахуалының жақсаруына әсер етеді. 
Қызылордадағы «Қараөзек» компрессорлық стансасы өткен жылдың соңында іске қосылды. Оның құрылысы Астана қаласы мен солтүстік өңірлерді газдандыруды есепке ала отырып жоспарланған. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының 944 шақырымында орналасқан станса өткен жылы сәуірде Ақтөбе облысында пайдалануға берілген «Бозой» станциясымен қосарлы жұмыс істеуге арналған. Газ құбырының жалпы ұзындығы – 1534 шақырым, оның 180 шақырымы Қызылорда облысы аумағынан өтеді. Станса «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралдық газ құбырының өткізгіштік қабілетін 10 млрд.текше метрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жобаның бірінші кезеңінде Астана қаласы, Қарағанды облысы және Ақмола өңірінің оңтүстік аудандары газдандырылмақ.
26 наурыз 2018 ж. 1 095 0