№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көп балалы ана бағдарлама аясында үй ала алмай жүр

Көп балалы ана бағдарлама аясында үй ала алмай жүр


«Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Сұлтан Мақашов тұрғындарды қабылдады. Партия филиалында өткен қоғамдық қабылдауға сала басшылары мен кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.


Аудан басшысы ашықтық пен жариялылықты ұстанып, әлеуметтік желіде тіркеліп, тұрғындардың тілек-ұсыныстарына жауап беріп жүр. Бірақ Еуропа елдеріндегідей тұрғындардың барлығы бірдей интернеттің игілігін икемдеген жоқ. Сондықтан қоғамдық қабылдаулардың маңызы зор.
Әкіммен кездесуге келген кент тұрғыны Наргиза Нәлібаева жұмыс­сыздық жайын айтып, әлеуметтік көмектің аздығына тоқталды. Жаңарық ауылдық округі тұрғыны Ғалия Мамадалиева немересіне №3 мектеп-интернатта білім алуына мүмкіндік берілсе деген тілегін жеткізді. Төмен­арық ауылынан келген көп балалы ана Әйгерім Ешбаева «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында үй алуда кедергілерге кезігіп отырғанын, осыған байланысты көмек беруін сұрады.
Ауданда тазалық мәдениетін қалыптастыру маңызды. Мұны Сұлтан Ысқақұлы талап етіп отыр. Күзде екі ай тазалыққа мекеме қызметкерлері жұмылдырылды. Бірақ кент тазарып кетті дей алмаймыз. Басты себеп тұрғындар тазалыққа ықыласты емес. Сосын Жаңақорған кенті екі аймаққа бөлініп, «Нұр Шах» дара кәсіпорны мен «Тазалық» ЖШС-не берілді. Қазір екі мекеме кент тұрғындары көше бойына шығарған қоқысты уақытылы әкетіп отыруы тиіс. Алайда қиындықтар жоқ емес. «Нұр Шахтың» басшысы Нұрлан Садвуакасов тазалық жұмысын жүйелеуде кент әкімдігі демеу берсе деген тілегін білдірді.
Сондай-ақ қабылдауға келген тұр­ғындар жер кезектілігі, жұмысқа орналасу және және т.б бойынша өтінішін айтты.
Аудан басшысы тиісті мекеме басшыларына тұрғындардың өтініш­терін жан-жақты қарап, шешілу жолын қарастыруды тапсырды.

Майра ҒАНИЕВА
14 желтоқсан 2019 ж. 820 0