№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстанда патентті қалай алуға болады?

Қазақстанда патентті қалай алуға болады?

Патент – құзыретті мемлекеттік орган беретін және өтінім берілген объектінің өнертабыс екендігін (өнеркәсіптік үлгі, пайдалы модель), өнертабыс басымдылығын, авторлық және өнертабысқа айрықша құқықты куәландыратын құжат.
Елімізде «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» жұмыс жасайды. Аталған Заңмен өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн жасауға, құқықтық қорғау мен пайдалануға байланысты мүлiктiк, сондай-ақ оларға байланысты жеке мүлiктiк емес қатынастар реттеледi. Ал, интеллектуалдық меншiктiң өзге объектiлерiн (селекциялық жетiстiктер, интегралдық микротәсiм топологиялары, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары, тауар шығарылатын жерлердiң атаулары және басқалар) қорғау өзге заң актiлерiмен реттеледi.
Өнертабыстар мен өндірістік үлгілерді патенттік қорғаудың жаңа нысанына көшкеннен кейін Қазақстан Республикасындағы патент иеленушілер осы объектілерді пайдалануға монополиялық құқықты мемлекеттің берген құқықтық кепілдігі ретінде алды. Монополиялық құқықты иеленуші тұлғаларда үшінші тұлғалардың құқықтарын және нормаларын бұзбай патенттік құқық объектілеріне билік ету мүмкіндігі пайда болды.
Қазақстанда түрлі өнеркәсіптік үлгі мен нысандар қорғалады және патенттің бірнеше түрі беріледі. Егер зерттемеде техникалық шешім болса, ол өнертабыс немесе пайдалы үлгі ретінде қорғалуы мүмкін. Егер зерттеме сыртқы көрініс бұйымына жатса, онда өнеркәсіптік үлгі ретінде қорғалады.
 Өнертабыс патенті өтінім берген күннен бастап 20 жылға жарамды. Қолданылуына Қазақстан Республикасында рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамада бекітілген рұқсат алу тәртібі талап етілетін дәрілік затқа, пестицид (улы химикатқа) жататын өнертабысқа келер болсақ, патент құқығын растайтын және айрықша құқық беру мерзімі патент иесінің өтінішхатымен ең көп дегенде 5 жылға ұзартылуы мүмкін.
 Өнертабыс үшін патент қағаз түрінде сараптама және «өнеркәсіптік қолданылуы», «әлемдік жаңалық» және «өнертабыс деңгейі» патенттік қабілетінің шарттарына сәйкестігіне қатысты өтінім сараптамасын жүргізгеннен кейін беріледі.
 Өнертабыс ретінде кез келген саладағы өнімге (құрал, зат, микроағза штаммасы, өсімдіктер немесе жануарлар жасушасының өсіріндісі), тәсіл (материалдық құралдардың көмегімен материалдық нысанға әрекет жасау процестер), сондай-ақ танымал өнімдерді немесе тәсілдерді жаңа мақсатта немесе жаңа өнімді белгілі бір бекітуде қолдануға жататын техникалық шешімдер қорғалады.
 Қазақстан Республикасында пайдалы үлгіге берілетін патент 5 жылға жарамды және патент күшін сақтау үшін төлем беру шартымен 3 жыл мерзімін ұзартуға болады (барлығы 8 жыл). Пайдалы үлгіге патент «әлемдік жаңалық», «өнеркәсіптік қолданылу» патенттік қабілеті шартына сәйкестігі тексерілместен, көрсетілген талаптарға қатысты өтінім берушінің тәуекелі мен жауапкершілігі жүктеліп беріледі.
 Пайдалы үлгі ретінде адамдар мен жануарларды емдеудің диагностикалық, терапиялық  және хирургиялық тәсілдерінен өзге өнімге (құрал, зат, микроағза штаммасы, өсімдіктер немесе жануарлар жасушасының өсіріндісі), тәсіл (материалдық құралдардың көмегімен материалдық нысанға әрекет жасау процесстер), сондай-ақ танымал өнімдерді немесе тәсілдерді жаңа мақсатта немесе жаңа өнімді белгілі бір бекітуде қолдануға жататын техникалық шешімдер қорғалады.
 Өнертабыс және пайдалы үлгіге патентті бірыңғай өнертабыс ойымен өзара байланыстырылған техникалық шешімнің бірнеше нұсқасын алуға болады. Кез келген зерттемені өнертабыс немесе пайдалы үлгі ретінде патенттей алмайтындығын түсіну керек.
Патент алу үшін берілетін өтінімге қажет құжаттарды дайындау
   Қажетті және қалайтын қорғау түрін анықтағаннан кейін өтінім беру үшін келесі ақпарат пен құжат жинақтап, өткізу керек:
  Өнертабыс/пайдалы үлгіге өтінім беру үшін:
       1. Өнертабысқа қорғау құжатын беруге өтiнiм (бұдан әрi - өнертабысқа өтiнiм) бiр өнертабысқа немесе өзара байланыстылығы өнертапқыштық бiр ойды құрайтын өнертабыс тобына берiледi (өнертабыс бiрлiгiнiң талабы).
 2. Өнертабысқа өтiнiмде мынадай құжаттар:
 1) өнертабыс авторлары және атына қорғау құжаты сұралып отырған адамдар, сондай-ақ олардың тұрғылықты жерi немесе орналасқан орны көрсетiлген қорғау құжатын беру туралы өтiнiм;
2) бiлiмнiң тиiстi саласындағы маманның өнертабысты жүзеге асыруы үшiн толық, жеткiлiктi ашылған сипаттамасы;
      3) өнертабыстың объектiсiн айқындайтын және оның мәнiн бiлдiретiн өнертабыстың формуласы. Формула анық, нақты болуға және сипаттамаға негiзделуге тиiс;
4) егер өнертабыстың мәнiн түсiну үшiн қажет болса, сызбалар және өзге де материалдар;
5) реферат;
6) сенiмдi өкiлдер арқылы iс жүргiзiлген жағдайда - сенiмхат;
  1.  Авторлар туралы ақпарат:
а) толық тегі, аты, әкесінің аты;
ә) тұрақты орналасқан мекенжайы;
  1. Өнертабыс/пайдалы үлгінің сипаттамасы;
  2. Өнертабыс/пайдалы үлгінің формуласы;
  3. Сызба және басқа да графикалық материалдар (бар болса);
  4. Реферат.
Өнеркәсіптік үлгіге патент алу үшін өтінім беруге қажетті құжаттар:
      1) өнеркәсiптік үлгi авторлары және атына патент сұралып отырған адамдар, сондай-ақ олардың тұрғылықты жерi немесе орналасқан орны көрсетiлген патент беру туралы өтiнiш;
      2) өнеркәсіптік үлгінің елеулі белгілері туралы толық егжей-тегжейлi түсiнiк беретiн бұйымның сыртқы түрінің кескіндерін көшірмелеу үшін жарамды жиынтығы;
      3) өнеркәсiптік үлгiнің сипаттамасы;
4) өкiлдер арқылы iс жүргiзген жағдайда - сенiмхат болуға тиiс.
 Өнеркәсiптік үлгiге өтiнiмге өтiнiм беруге белгiленген мөлшерде ақы төленгенiн растайтын құжат және оның мөлшерi кемiтiлуiне арналған негiздеменi растайтын құжат қоса тіркеледi, олар өтiнiммен бiрге немесе өтiнiм түскен күннен бастап екi ай iшiнде табыс етiлуi мүмкiн. Тиiстi төлемдер енгiзiлген жағдайда бұл мерзiм ұзартылуы мүмкiн, бiрақ екi айдан аспауы керек.
C.Ибраев
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданаралық
Әділет басқармасының басшысы,
Қазақстан заңгерлер Одағының мүшесі 


21 ақпан 2020 ж. 1 133 0