№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасына заңгер керек

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасына заңгер керек


Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы «Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің 2 санатты сарапшысы» бос лауазымына конкурс жариялайды.


Аталған қызметке үміткерлерге келесі талаптар қойылады:
Білімі:Жоғары заңгерлік білімі.
Талап етілетін кәсіби тәжірибесі:3 жылдан кем емес немесе ҰКП жүйесіне кіретін ұйымдарда 1 жыл және одан да көп жыл кәсіби жұмыс тәжірибесі болған жағдайда кемінде 2 жыл жұмыс өтілініңболуы;
Талап етілетін кәсіби білімі: лауазымы бойынша мамандануына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін ҚР нормативтік-құқықтық актілерін білу, оның ішінде:
-ҚР Конституциясы;
-   ҚР Кәсіпкерлік кодексі;
-   ҚР Азаматтық кодексі;
-   ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі;
-   ҚР Жер кодексі;
-   ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі;
- ҚР «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңы;
- ҚР «Құқықтық актілер туралы» Заңы;
-   ҚР«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»Заңы;
-   ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы»
- ҚР«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы»;
-   «ҚР Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңы;
- «ҚР Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы;
- осы санаттағы нақты лауазым бойынша мамандануына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін ҚР нормативтік-құқықтық актілер;
- осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді атқару үшін қажетті өзге де міндетті білімі.
Лауазымдық міндеттермен байланысты белгілі бір саладағы арнайы дағдылары: мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу тәжірибесі, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін сотта, әр түрлі мекемелерде, салықтық, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарда білдіру тәжірибесінің болуы, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заң жобалары және өзге де нормативтік құқықтық актілертұжырымдамаларына міндетті сараптаманы жүзеге асыра алуы, жергілікті атқарушы органдардың кәсіпкерлік қызмет саласындағы функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлей алуы.
Жеке сипаттамалары: дамыған логикасы мен сараптама жасай отырып ойлау қабілетінің болуы; қойылған міндеттерді шешуге креативті және жүйелі көзқарасының болуы; құқықтық көмек көрсету және заңды тұлғалармен жұмыс жасай алуы; ақпараттың үлкен көлемімен жұмыс жасай білуі; келіссөздер жүргізе алуы; бастамашылдық қабілеті, туындайтын мәселелердің стандартты емес, жаңа шешу жолдарын ұсына алуы;іскерлік хат алмасу,іскерлік қарым-қатынас жүргізуі; орындаушылық, ұқыптылық және жауапкершілік қасиеттері.
Түйіндемені ағымдағы жылдың 12 қарашасына дейін kyzylorda@atameken.kzэлектронды поштасына немесе Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасына қалдыруыңызға болады. Мекен-жайы: Қызылорда қ., Желтоқсан к-сі, ғимарат 12, 11-қабат, №1105 каб., байланыс тел. 8(7242)40-09-81. 

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
31 қазан 2019 ж. 817 0