Қазақстанда газбен жүретін көліктерге жаңа шектеулер енгізілді
ТЖМ басшысы Владимир Беккер ОКҚ-ға газ жабдығымен жабдықталған көліктерге жабық тұрақтарға кіруге неге тыйым салғанын айтты. Тыйым қазіргі уақытта Қазақстанда тіркелген газбен жабдықталған 340 мың автомобильге қатысты, деп хабарлайды stan.kz.
Беккер өткен жылдың соңында өрт қауіпсіздігі ережелерін өзгертетін үкіметтің қаулысы қабылданғанын растады.Енді құжатқа сәйкес, газбен жабдықталған машиналарға жабық тұрақтарға кіруге тыйым салынады.
Оның айтуынша, мұндай шара, соңғы үш жылдағы автокөліктердің, соның ішінде газбен жұмыс істейтін көліктердегі өрттердің санын талдау негізінде енгізілген.
«Жыл сайын республика бойынша көліктерде 2,5 мың өрт шығады. Соңғы үш жылда газбен жұмыс істейтін көліктерде 374 өрт тіркелді. Оның ішінде, 2016 жылы - 74 іс, 2017 жылы - 80, 2018 жылы - 114 және 2019 жылы - 106. Соның салдарынан 5 адам қайтыс болды, оның ішінде 2 бала, 34 адам жарақат алды, оның 3-уі бала», - деді Беккер.
Өрттің көп бөлігі газдың кетуіне байланысты болды.
«Бұл машиналар газдың шығуы кезінде нақты қауіп төндіретін жағдайлар болды», - деп қосты ол.
Ол 2016 жылы тамызда Ақтөбе облысында Самара-Шымкент тас жолында болған оқиғаны мысалға келтірді. Содан кейін, мотор бөлігіне ауа-газ қоспасының ағуы салдарынан Toyota Highlander толығымен тұтанған. Өрт салдарынан 2016 жылы 1 бала өліп, 4 адам жарақат алды.
Сонымен қатар, жаңа тұрғын үй кешендерінің тұрғындарынан автотұрақтардағы газдың иісі туралы шағымдар болды. Мәселен, өткен жылы елорданың ірі сауда орталықтарының бірінде автотұрақтардағы көліктерден бензин ағуының 14 оқиғасы тіркелді, бұл ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
«Бақытымызға орай, бәрі ойдағыдай болды», - деп толықтырды ТЖМ басшысы.
Заңның жаңа талаптары бұзылған жағдайда, көлік иелері әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 410-бабы - «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе сақтамау» бойынша 5-тен 50 АЕК-ке дейін айыппұл салады.
Автокөлік тұрақтанған жерде жанармай жарылып, соның салдарынан адам жарақат алса немесе үлкен зиян келтірсе, қылмыстық жауапкершілік 3 мың АЕК айыппұл түрінде немесе 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде қарастырылған.