№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорған; Автокөліктердегі өрттердің алдын алу

Жаңақорған; Автокөліктердегі өрттердің алдын алу

Қазіргі таңда аудан көлемінде 30 өрт оқиғасы мен 21 өртке жатпайтын жану оқиғасы орын алып отыр.

Орын алып отырған өрттердің 1-нысанда, 14 тұрғын үйлерде, 10 автокөлікте, 2 басқада орындарда орын алып отыр. Өрт оқиғасы салдарынан тұрғындарға 6,210,0 теңге шығын келген.
Сондай-ақ жол көлік оқиғасы салдарынан 1 авоткөлік толығымен өртенген. 1 жол көлік оқиғасы салдарынан автокөліктегі қысылып қалған адамды құтқару жұмыстары жүргізілді.
2018 жылды осы уақытында 26 өрт оқиғасы орын алған, оның 4-нысандарда, 19-тұрғын үйде, 3-автокөліктерде орын алып отыр.
Былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда нысандардағы өрт 75 пайызға төмендеген, тұрғын үйдегі өрт 26 пайызға төмендесе, автокөліктегі өрт оқиғасы 70 пайызға және басқада орындардағы өрт 100 пайызға жоғарлап отыр.
Көлік құралдарының түрі бойынша, оның ішінде: жүк автокөлігі – 3, жеңіл автокөлігі –7 .
Өрт оқиғасы салдарынан 3-автокөлікітің қозғалтқыш бөлігі, 4-автокөліктің ішкі салоны, 1-автокөліктің тікемесі, 1-автокөлікі толығымен өртеніп отыр.
Аудан көлемінде автокөліктердегі өрттер көбеюде, олардың себептеріне азаматтардың күнделікті өмірдегі қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауынан және автокөлік құралдарында сымдардың қысқа тұйықталуынан, сонымен қатар ескірген автокөліктерді орын алып отыр.
Соңғы 4 жылдың ішінде автокөліктерде 2015 жылы – 3 өрт, 2016 жылы – 11 өрт, 2017 жылы – 5 өрт, 2018 жылы – 7 өрт, 2019 жылдың 8 айында 10 өрт оқиғасы орын алып отыр. Келтіріліп отырған мәліметтерге сүйенсек жыл санап автокөліктердегі өрттерді саны көбейіп келе жатқаныны байқауға болады.
2019 жылы автокөліктерде тіркелген 10 өрттің, 9-автокөлік құралдарында сымдардың қысқа тұйықталуынан орын алса, 1- трактордың түтін басқышының болмау салдарынан орын алып отыр.
Орын алып отырған өрттердің алдын алу мақсатында автокөліктердің жыл сайынғы техникалық байқаудан өту кезінде автокөліктердің кабель (сым) жүйелеріне аса көңіл бөлу қажет. Автокөлік сымдарынан ақау байқаған жағдайда тез арада сала мамандарына жүргін қажет. Аткөліктің қозғалтқыш бөлігінен май аққан жағдайда ақауды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажет.
Төтенше жағдайларды алдын алу мақсатында көлік иелер тарпынан өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды сұраймыз.

Жаңақорған төтенше жағдайлар бөлімі.
23 тамыз 2019 ж. 898 0