№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Байқаңыз – улы газ!

Байқаңыз – улы газ!


Улы газ - жану өнімдерінің ең улы компоненттерінің бірі. Улы газбен улану кейде өлімге әкеп соқтыруы мүмкін сыни жағдайлардың бірі болып табылады.
Улы газдың - иісі де, түсі де, дәмі де мүлдем жоқ, жану процесі кезінде барлық жерде, тіпті пеште де улы газбен улану болуы мүмкін. Өкінішке орай, газдан уланудан  көбінесе адамдар құрбан болады. Әдетте, ақаулы пештің нәтижесінде, өрт ошағы кезінде, қозғалтқышы қосылған жабық автомобилде  улы газбен улану басталады.
 Улы газ немесе көміртегі монооксиді бар немесе көміртегі тотығы (СО) «үнсіз  өлтіруші» деп жиі аталады. Оны көзбен көру мүмкін емес. Сонымен қатар, газ тез тарайды, ауамен араласады.
Тыныс алу кезінде ағзаға түсіп, ол өкпеден қан жүйесіне өтеді, онда гемоглобинмен қосылады. Нәтижесінде қан тіндерге оттегіні тасымалдау және жеткізу қабілетін жоғалтады және ағза оның жетіспеушілігін тез сезеді. Бірінші кезекте ми зардап шегеді, бірақ зақымдануы мүмкін басқа да ағзалар – жалпы денсаулық жағдайына байланысты болады. Тұншықтырғыш газбен улануды тануға мүмкіндік беретін шешуші сәт бір ғимаратта бір мезгілде адамдардың көп мөлшерде улану белгілерінің бірдей байқалуы немесе адам сол жерден кеткеннен қейін жағдайының жақсаруына байланысты болады. Тұншықтырғыш газбен уланудың алғашқы белгілері - көрудің нашарлауы, естудің төмендеуі, маңдай  аймағындағы жеңіл ауырсыну, бас айналу, жүрек соғысының баяулауы, үйлестіру мен ойлаудың төмендеуі. Осы сезімдер кезінде дереу бөлмеден шығып, таза ауаға шығу керек. Алғашқы көмек тез берілуі керек және оны білікті маман көрсетуі керек.
Тұншықтырғыш газбен уланудың алдын алу:
1. Тек жарамды құрал-жабдықты пайдаланыңыз. Пеш қоймасындағы жарықтар, ластанған түтін және сол сияқты "ұсақ-түйектер" ауыр зардаптарға әкеп соқтыруы мүмкін.
2. Бөлмені дұрыс желдетіңіз, бөлмеде таза ауа болуы маңызды. Егер газ плитасын жылыту үшін пайдалансаңыз, улы газбен уланып қалуыңыз мүмкін, сақ болыңыз.
3. Көмір жанып кеткенше пеш қақпағын жаппаңыз.
4. Автоәуесқойлар, қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде гаражда жұмыс жасамаңыз. Бұл жерде желдету жиі дұрыс жүрмеуі мүмкін, сондықтан күрделі жағдай туындағанда тағдырдан көрудің қажеті жоқ. Жоғарыда аталған ұсыныстарды сақтаған жағдайда, біз адамдардың улы газдан улануы мен қаза болуын болдырмаймыз және жеке тұрғын үй секторындағы тұрмыстық өрттердің санын едәуір қысқартамыз деп үміттенеміз. Есіңізде болсын - улы газ аяусыз, ол тез әрекет етеді, сондықтан өміріңіз бен денсаулығыңыз сіздің жылдам қабылдаған шешіміңізге байланысты болады. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

Қызылорда облысы ТЖД
21 қараша 2019 ж. 1 458 0