№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Атаулы әлеуметтік көмек: оны кімдер алады?

Атаулы әлеуметтік көмек: оны кімдер алады?


Елімізде әркімнің еңбек етуіне жагдай жасау мәселесі әлі де өзекті. Отбасы белгілі бір жұмыспен қамтылғанда жағдайы тұрақталып, күнкөрісі жақсарады, бұл айналып келгенде қоғамның тұрақтылығына негіз қалары анық.
Мемлекетіміздің тұрғындарды жұмыспен қамту, ал әлеуметтің әлсіз топтарын демеу бағытында жүйелі іске асырылып келе жатқан бағдарламаларының 2020 жылға арналған алғышарттары жөнінде тереңірек білмекке аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Жаңабек Тұрлыбековпен әңгімелескен едік. Төменде сол сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.


– Өткен жылы мұқтаж жандарға бағытталған 21 мың теңге жәрдемнің талай жай-күйі төмен отбасылардың жыртығын жамап, жүдеу тұрмыстарына қан жүгірткенін көз көрді. Осы бір салиқалы шешімнің сынына сына салған себеп-салдардың бірі – орынсыз жерде оңтайын тауып өтемақыны өз пайдасына жаратуды көздеген пайда­күнемдердің пенделік пыйғылы десек жаңылмаймыз. Ал биылғы жылы атаулы әлеуметтік көмек кімдерге беріледі? Оны тағайындаудың мазмұнында нендей өзгерістер бар?
– Атаулы әлеуметтік көмек бала санына қарамай отбасы табысын жан басына шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейін есептеу арқылы тағайындалады.
Рас, былтырғы жылы жауап­ты орындардың әлеуетін үйлес­тіруде кемшіліктер орын алды. Нәтижесінде нағыз мұқтаж бен оңай жолмен мемлекеттік жәрдемді қарпып қалғысы келген қанағатсыз жандардың нөпірінен жұмыс сапасы­на сына түскенін мойындауға тиіспіз. Құрылған арнайы комиссияларға аз ғана уақытта әрбір тұрғын жағдайын жан-жақты сараптап, нақты ақпарат түзуге мерзім мен мүмкіндік те тапшылық етті.
Ал жаңа жылдан бастап А.Ә.К тағайындау және сараптау механизмі нақты технологиямен жетілдірілді. Нақтылық категориялары айқын­далды. Осыларға жеке-жеке тоқталып өтейін: былтыр әлеуметтік көмек бір жылға тағайындалса, биыл ол шартты да, шартсыз да әр тоқсан сайын есептеліп отырады.
Ел тұрғындарының қаперінде жүретін мәселе, бұл аталған көмек белгілі мерзімге отбасына аяқтан тік тұруына қолдау ретінде қазына есебінен босатылғанымен отбасы мүшелерінің де еңбек етуге деген қарым-қатынасынан қалыс қала алмайды. Яғни, ол отбасында жұмысқа жарамды бір мүшесі бола тұра ұсынылған жұмыстан бас тартса тұтас жанұя лайықты жәрдемнен қағылуы мүмкін. Жәрдемақы тағайындаудың мөлшеріне келсек, былтыр үй егелеріне үйге кіретін кірістің кедейлік шегінен айырмасы төленді де, ал балаларына бірдей 21 879 теңгеден тағайындалған еді. Ал биыл ересектерге де, балаларға да бірдей кедейлік шегінің айырмасы төленеді. Түсінікті тілмен айтқанда былай: Үйге кіретін кіріс 60 000 теңге делік, ата-анасы және 4 бала, 6 жан бар. Табысты 6 жанға бөлеміз 60:6=10, кедейлік шегі 20 879 теңге. Арадағы айырма 20 879-10= 10 879 теңге, барлығына бірдей осы 10 879 теңге а.ә.к10 879*6=64 794 теңге төленеді деген сөз. Бұдан шығатын қорытынды, былтырғыға қарағанда балаларға тағайындалатын жәр­дем­­­ақы көлемі азайды. Есесіне әлеуметтік топтамалар бар: 1 ден 3 жасқа дейінгі балалар үшін 7 түрлі , 3 тен 6 жасқа дейін 12 түрлі тағам түрлері – сүт, пюре, жеміс шырыны, ботқа үшін дәндік дақыл өнімдерінің түрлері босатылады. Бүлдіршіндерге сонымен қоса гигиеналық тазалық құралдары: тіс пастасы, сабын, құрғақ кір ұнтағы қоса беріледі.
6-18 жас аралығындағы жасөс­пірімдер мектепте ыстық тамақпен қамтылады, сонымен қоса мектеп формасы, оқу құрал-жабдықтары тегін беріледі.
– Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау критерийлері қан­дай?
– Көмек тағайындау төмендегі 5 жағдайда негізсіз болып табылады.
1. Өз жеке баспанасынан өзге тағы бір үйі бар болған жағдайда; 2. Табыс табу мақсатында көлік жуу орны, кеңселері т.б. ғимараты болған жағдайда; 3. Өз үйі бола тұра үй соғуға арналған қосымша тұрғын үй учаскесі болған жағдайда; 4. Арнайы техникалары – жүк көлігі, трактор, комбайн, басқа да ауыршаруашылық құралдары бар болса; 5. Үйде жүріп тұрған жеңіл автокөлігі бар және оны отбасы мүшелерінің біреуі пайдаланып жүргені белгілі болса;
– Осы заңдылықтарды нақ­тылауда жасақталған комис­сия құрамына кімдер ендірілген?
– Барлық көшенің комитет төрағалары, кенттің, ал ауылдыарда ауыл әкімі аппараты мамандары, учаскелік инспекторлар ендірілген.
– Нақты бүгінгі күнге дейін қанша отбасы тіркеліп, өтініш беріп ол қанағаттандырылды?
– Бүгінгі күні аудан бойынша заң­ды түрде 8880 отбасына әлеуметтік жәрдемақы тағайындалды. Былтыр мұның саны 3454 отбасын құраған.
Биыл талапшылдық та, зерттеп-зерделеу жағы да мұқият әрі тиянақты жүргізілуде. Комиссия құрамынан да нақты жауапкершілік талап етілуде. Мұқтаждарға көмек беру мәселесі – масылдыққа бағытталмауы тиіс. Ол біржолата сүйену үшін емес, бір жолғы сүйеу үшін бағытталғанын ұмытпауымыз керек, – дейді жауапты сала басшысы.
Бұл бағытта жұмыспен қамту маңызды. Кез-келген үйде бала тәрбиесімен отырған жас аналар, сондай-ақ көп балалы аналарға 530 мың теңге қайтарымсыз несие беруге грант тағайындалды. Уақытының шектеулі, мүмкіндігінің аздығын ескеріп арнайы оқып, сертификат алғаннан кейін барып берілетін қаржыны осы санаттағыларға оқу сертификатынсыз бірден тағайындау туралы пәрмен берілді. Енді үйде отырып іс бастаймын, тігін машинасын аламын немесе түрлі нан, кондитер тағамдарын пісіріп кәсіп қыламын деген азаматқа атаулы қаражатты алып, қажетті құралын сатып алуына мүмкіндік бар екен.
Атаулы қаржыны бұлардан басқа отбасындағы еңбекке жарамды, жасы кәмелетке толған жұмыссыз азаматтың кез-келгені ала алады. Тек күндізгі бөлімде оқитын студенттерге берілмейді. Бұл алынған қаржы отбасына табыс ретінде кірмейді екен. Кәсіпкердің жұмысын жүргізуіне, тексеруге үш жылға дейін мораторий жариялау туралы Президент тапсырмасы осындай.
Иә, еңбектеніп, отбасының да, өзінің де жағдайын оңалтуға кез-келген қоғам мүшесіне жан жақты жағдай қарастырылып жатыр. Тек, мемлекет береді екен деп масылдыққа жүгінбей өз сүрлеуімізді өзіміз салып, жарқын дамуымызға бет түзесек өміріміздің де жақсылыққа қарай өзгере бастарына сенуге болады.

Баян ҮСЕЙІНОВА
11 ақпан 2020 ж. 628 0