№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 21 мың теңгені КІМДЕР АЛЫП ЖҮР?

21 мың теңгені КІМДЕР АЛЫП ЖҮР?

  Президент пәрменімен жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын санаттағы адамдарға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғаны белгілі. Қаржылай көмекті алуда ауданда бүгінгі күнге дейін қанша адам құжат тапсырды? Қаншасы атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізе алды? Осы сұрақтарға жауап іздеп, зерттеу жүргіздік.

  Елімізде әлеуметтік осал топ отбасыларына ғана берілетін атаулы әлеуметтік көмекті Қазақстан бойынша 830 мың, соның ішінде Жаңақорған ауданынан 4650 отбасының 12 825 мүшесіне тиесілі жоспарланған.
Осылайша, ағымдағы жылдың бірінші сәуірден бастап берілген қаржылай көмекті алып қалу үшін аудандық жұмыспен қамту орталығына ағылған адамда шек болмады. Білгеніміз құжаттарын құшақтап келушілер саны әлі жалғасу үстінде екен. Осы орайда аудандық «Жұмыспен қамту орталығы» басшысының орынбасары Бейбіт Балабековпен тілдестік.
– 2019 жылдың сәуір айында атаулы әлеуметтік көмек алуға 1113 адам қжат тапсырса, соның 1085-не тағайындалып, 28-не ақшалай көмекті тағайындауға жатпайтыны анықталды. Ал мамыр айында 1415 адам құжатын тапсырып, оның 1413-не тағайындалып, 2-нен бас тартылды. Маусым айында болса 382 адам құжат тапсырса, оның 355-не тағайындалып, 27 құжат кері қайтарылды. Ал шілде айында 116 адам құжат тапсырып оның ішінде 49-на атаулы әлеуметтік көиек тағайындалды. Осылайша барлығы 3026 тұрғыннан құжат қабылданса, 2902 кісіге қаржы тағайындалып, 57-нен бас тартылды, – дейді сала маманы.
Бейбіт Балабековтың айтуынша, бұл жоғарыда келтірілген фактлер 26 шілдеге дейінгі мәлімет. Өткен айдың 26-нан 30-на дейінгі аралықта тағы да 30 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алу жөнінде құжат тапсырған.
Айта кететіні, жәрдемақыға қол жеткізу үшін тұрғындар арасында заң бұзушылық фактілер де тіркелген. Аудандық «Жұмыспен қамту орталығында» құрылған арнайы комиссия тексеру барысында кент ішінен 6 отбасының заңсыз түрде жәрдемақы алып отырғанын анықтаған. Мәселен, бұл үйлердің кейбірінің қорасында төрт түлігі болған. Халыққа өсімге ақша беретін пысықайлар мен кәсіпкерлікпен айналысатын отбасылар атаулы әлеуметтік көмекті алып отырған.
Осындай деректер бойынша тағы 135 отбасы зерттеп-зерделену үстінде екен. Бұлардың қатарында 87-сі табысын жасырса, мекен-жай бойынша жалған құжат ұсынған 24, 25 отбасында өтініште көрсетілген адамдардан басқа отбасы мүшелері тұратыны анықталған. Аталған отбасылардың 45-ін жергілікті учаскелік комиссия анықтаса, қалған 90 отбасын аудандық «Жұмыспен қамту орталығының» арнайы тобы анықтап, алдағы уақытта бұл отбасылар мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік көмекті алмайтыны жөнінде шешім қабылданыпты.
Әшкере болған осындай деректерден кейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың: «Масылдық пен мұқтаждықты ажырата білуді айта келе, кейбір адамдардың үйде жатып атаулы көмек ала бергісі келетінін, сөйтіп өздері жұмыс жасамай, балаларын да соған тәрбиелеуде, жауқаулыққа үйретуде. Осы көмекті алып жатқандардың қазіргі уақытта 393 мыңы жұмысқа жарамды екені, екі-үш қабатты зәулім үйде тұрып, соңғы үлгідегі машинаны мініп жүргені анықталды» деген сын ескертпесі ойға оралады.
Одан бөлек, тұрғындар арасында атаулы әлеуметтік көмек үшін құжат жүзінде ажырасып, бірақ бірге тұрып жатқан отбасының бар екенін білгенде абдырап қалдық. Бір сөзбен айтқанда, Үкімет тарапынан 2019 жылдың 1 сәуірден бастап беріліп келе жатқан атаулы әлеуметтік көмек яғни 21 мыңның жыры саналық деңгейімізге сын болып тұр.

Лаура БИБАСАРОВА

06 тамыз 2019 ж. 2 837 1

Айнур от 6 қазан 2019 11:24
Сәлеметсіз бе?Мен 3 баланың анасымын. Айлық табысым 70.000 .Мен атаулы көмекті алааламын ба?Балаларыма алатын (асыраушысынан айырылған деген көмек -54.900 аламын ) қосылады ма?Маған толық есептеп берсеңіз.