№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КӨП БАЛАЛЫ АНА ЖӘРДЕМАҚЫМЕН КӘСІБІН БАСТАДЫ

КӨП БАЛАЛЫ АНА ЖӘРДЕМАҚЫМЕН КӘСІБІН БАСТАДЫ


Ел экономикасында айрықша орын алатын, мемлекеттің басты назарда ұстайтын бағыттың бірі – әлеуметтік сала. Мемлекет басшысы әрдайым осы әлеуметтік саланы қолдау мен халықтың әлжуаз топтарына көрсетілген мемлекеттік көмекке баса мән беруде. Президент өзінің «Әлеуметтік қамқорлық» кешенді шарасында әлеуметтік осал топқа айрықша мүмкіндіктер қарастыруды жария еткен болатын. Бүгінде мемлекет тарапынан тұрмысы тұралаған отбасыларға әлеуметтік қаржылай қолдау шаралары тұрақты жүзеге асырылуда. Мәселен, жаңақорғандық көп балалы ана мемлекеттік жәрдемақысын жинап, ірі қара алып, сауыншылық кәсібін бастап кетті. Бұл жөнінде сәл кейінірек.


Жасыратыны жоқ, бүгінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алып, оны мақсатты жұмсап жатқандардың қатары аз. Әуелі ауданда атаулы әлеуметтік көмек алатындардың санын білмекке аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Жаңабек Тұрлыбековпен тілдестік.
– Қазіргі таңда мемлекет халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдауды назардан тыс қалдырған емес. Үкімет үнемі әлеуметтік жаңғыру үдерісін қолдап, жыл басынан Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» кешенді жоспары аясында тындырымды жұмыс атқаруда. Бұл бағытта аудан бойынша 2019 жылға 2916 отбасы оның 16 330 мүшесінің 11 375 баласына атаулы әлеуметтік көмекке республикалық бюджеттен 1032962,0 теңге, жергілікті бюджеттен 193533,0 мың теңге, Ұлттық қордан 489112,0 мың теңге қаралған. Бұл қаржының 1-тамызға дейін республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттен барлығы 1076444,4 мың теңгесі игерілді, – деді Жаңабек Тұрлыбеков.
Мекеме басшысының сөзінше, бүгінгі таңға 3119 отбасына шартты қаржылай көмек берілсе, оның отбасы мүшесі – 17 937, бала саны – 10762-ні құрайды екен. Ал шартсыз ақшалай көмек – 141 отбасы, мүше саны – 607, оның бала саны – 1896. Жалпы барлығы 3260 отбасыға оның ішінде 18 544 мүшесінің 12 658 баласына әлеуметтік көмек тағайындалған.
Хош. Енді тақырыпқа ойыссақ. Жаңақорған кентінде ел аузында «21 мың теңге» аталып кеткен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алып, оған кәсібін бастаған көп балалы ана тұрады. Есімі Динара Өтепбергенова. Бес баланың анасы бүгінде мемлекеттен алған жәрдемақысын жиып, қорасын азын-аулақ түлікке толтыруда. Әуелі қос сиырмен басталған шаруашылығына қазіргі таңда тауық, үйректері қосылды.
– Мемлекеттің қолдауына алғысым зор. Атаулы әлеуметтік көмектің қаржысына сауын сиыр алып, тұрмысымызды тіктеудеміз. Ерінбей еңбектенемін деген жанға жұмыс көп. Тек ынтамен жігер болса болғаны, – дейді Динара Өтепбергенов бізбен әңгімесінде.
Иә, «қимылдағанның қыр асатынын» бәрі біледі. Бірақ нақты іске келгенде, салғырттық танытып, жалқаулықты қалқан ететіні тағы бар. Сондықтан да мемлекет тарапынан берілген қолдау қаржыны өмірлік кәсібіне инвестиция етіп сала білуде сергектіктің көрінісі.

Самат ОҢҒАРҰЛЫ
03 қыркүйек 2019 ж. 697 0