№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ШАБАНДОЗ ШӘМШІНҰР

ШАБАНДОЗ ШӘМШІНҰР


ҚАЗАҚ ҚЫЗЫНЫҢ ҚАЙРАТТЫЛЫҒЫ МЕН БАТЫЛДЫҒЫ, ТАПҚЫРЛЫҒЫ МЕН СҰЛУЛЫҒЫ ЕЖЕЛДЕН-АҚ ӘЛЕМ НАЗАРЫН ӨЗІНЕ АУДАРҒАН. БҰҒАН ТОМИРИС ХАНШАЙЫМНЫҢ АЙЛАКЕРЛІГІ, МӘНШҮК ПЕН ӘЛИЯНЫҢ ЖАУЫНГЕРЛІГІ ТАМАША МЫСАЛ БОЛА АЛАДЫ. ТАҒЫЛЫМҒА ТОЛЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ТЕКТІЛІГІН ЖАЛҒАП, ҰЛТТЫҚ АТ СПОРТЫНДА ҰТЫМДЫ ӘДІС-ТӘСІЛ ӨРНЕГІН КӨРСЕТІП, ЕЛІМІЗДЕГІ ДҮБІРЛІ ДОДАДА ОБЛЫСТЫҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАП ЖҮРГЕН БҰРЫМДЫНЫҢ БІРІ – ШӘМШІНҰР БАЙСЕЙТТІ ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ЖОЛЫҚТЫРЫП, ЕЛ БІЛЕ БЕРМЕЙТІН СЫРЫН БІЛГЕН ЕДІК.
Шопанның шаңырағында туылған тұңғыш перзентін ата-анасы «ұл болады» деп күтсе керек-ті. Қазақ вальсі каролінің құрметіне «Шәмшінұр» деп қойыпты. Бұл туралы әкесі Қайрат Ерқараев: «Тұла бойы тұңғышым – ер мінезді, өзі тым елгезек болды. Төрт қыздан кейін екі ұл сүйдім. Ұлдарым кіші болған соң, мал шаруасына «Сары қызым» қолқанат болды. Тиянақты жұмыс істейтіндіктен, мал жамырату, қозы бөлу, су, жем-шөп беру, мал өрістету, тұяқ қағу, қырықтық, қой бауырлату және т.б істерді көріп өсті», – деді.
Қойшы ауылдың өзіне еліктіріп алатын тұмса табиғаты болады емес пе? Ауасы – саф, суы – бал ауылдың тіршілігін оқуда жүрген Шәмшінұр әбден сағынып қалыпты.
– Қолым қалт етіп, бір-екі күн демалыс бола қалса, көкеме көмектесуге келем. Тіпті, кейде күн өткізе алмай кетем. Қойшы ауылға жеткенде тынысым ашылып, қозы-лақтарымның маңырағанын, жылқының кісінегенін естіп ерекше қуаттанам, – деді.
Биыл Қызылорда медициналық колледжінің соңғы курсын оқып жүрген студенттің мамандығы фельдшер. Сабақ үлгерімі жақсы. Колледждің мақтанышына айналған қыз ат спортшысы. Жастайынан жабағыны жалынынан тартып мінген жас, бүгінде арғымаққа қонған. Республикалық «Қыз қуу» өнерін насихаттап, шашасына шаң жуытпайтын жүйрік екенін мойындатқан шебер. Соңғы жылдары «Жамбы ату» өнерін меңгеріп, сайыста шеберлігін шыңдап жүрген жастың тәлімгері Ұлттық ат спортының жетекшісі Ислам Боранбаев: «Шәмшінұрдың шабысы бөлек. Ат техникасын меңгерген. Спортшы ретінде оның алар асуы әлі алда», – деп сеніммен айтты.
Бәйге жануары мінезді келеді. Тұяғымен жер тепсініп, танауымен осқырынып тұрған асауға ерлердің өзі жолай бермейді. Мал киесін таныған шопандардың сөзін бақсақ, жүйрік жылқы – жүрегі таза, ниеті адал адамға ғана жалын ұстататын көрінеді. Шәмшінұрдың арғымаққа қарғығанын көрген тәлімгер қарулы қыздың қасиетін аңғарыпты. Шабондоз Шәмшінұр – «Сұңқар» деп аталатын сәйгүлікті ауыздықтаған. Асаудан жүрексінбеген қыз: Қазақ халқының құндылығы – пырағы. Жылқы – ақылды дос, сенімді серік. Жануар да адамның іс-әрекетіне қарап, мінезін бағамдайды. Шабысына адам көңіл-күйі әсер береді, – деп төмендегі хиқаяны баяндап берді.
Бірде бірге оқыған сыныптасы тұрмыс құрып, тойына бармақ болады. Кешкісін достармен бірге көлікке мініп, тойханаға бет алады. Үлкен жолға шыққан сәтте көлікті қуып келе жатқан жылқыны бірі байқап, «Мына жылқы неге бізді қуып келеді?» десе-ді. Мойын бұрып қараған Шәмшінұр өз сәйгүлігін танып, көлікті тоқтатады. Көліктен түсе сала: «Шу, жануар. Үйге қайт» деп қуып жібереді.
Тойханаға келіп, қос жастың қуанышты күніне ортақтасады. Бір кезде аттың кісінегенін естіп, сыртқа бет алады. Сөйтсе, жаңағы аты соңынан қуып жетіпті. Қуса да кетпей табандап тұра қалады. «Арқама қон» дегендей сыңай танытады. Ақыры Шәмшінұр аттың қалауын орындап, үйге бет алады.
Ертесіне хабар естиді. Тойдан қайтып келе жатқан достары көлік қақтығысына түсіпті. Жеңіл жарақаттанғанымен достары қорқынышын жеңе алмапты. Осыны естіген Шәмшінұр аттың адалдығын мойындапты.
«Жылқыда жеті жасар баланың миы бар» деп үлкендер текке айтпағанын осыдан аңғаруға болады. Осы секілді басынан кешкен оқиғалармен бөліскен Шәмшінұр «Фельдшер мамандығын бітіргелі тұрсың. Денсаулық түзу үшін не қажет?» деген сауалға:
– Таза табиғатпен тыныстаған, табиғи өнім тұтынатын жанның ауруға қорғанысы мықты болады. Жүрегі таза болса, ешкімге қиянаттылық жасамаса жүйке жүйесі берік болады. Мен осыны түйдім, – деді. Жауабы қысқа болғанымен салмақты ой тастады. Әрі қарай бәйге атын қалай таңдайтынын айтты.
Ер-тұрманды әзірлеу мен жүйрік малды тануды әкесі үйреткен. «Сұңқар» секілді тұлпарды қалай тануға болатынын сөз еткен шабандоз ең алдымен бітім-болмысына мән береді екен. Сирағы ұзын, бауыры кең жылқы нағыз жүйрік аты екенін айтты. Сымбаты мен сұлулығы кем түспейтін сәйгүлікке қызығушылығы өзгеше екенін бағамдадым.

Мақпал МАРҚАБАЙ.
21 наурыз 2018 ж. 2 308 0