№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Сазгерге арналған «сағыныш»

Сазгерге арналған «сағыныш»


Туған жердің туын көтеріп, атажұртта отауын тігіп, тағылымға толы тіршілігімен елдің құрметіне бөленген тума талант иесі Аманбай Өтебаев жетпіс жасқа толуына орай Жаңақорған жұрты кемелді шығармашылығын атап өтті. Өмірі мен өлеңінің өрнегіне айналған «Сағынышты» арқау еткен мәдени-рухани шара арман мәдениет үйінде жас әншілердің байқауымен басталды.
Мерейтой иесінің шығармашылығын насихаттауға бағытталған шарада ауданның 17 өнерпазы бақ сынасты. Байқауда талапкерлерге сазгердің сирек орындалып жүрген шығармасын орындап, шеберлігін көрсету міндеттелді. Осы мақсатта Аманбай Өтебаевтың «Ана жүрегі», «Сағыныш», «Елім менің», «Әнім сен Гүлсара» т.б әндері айтылды. Қарсыластарынан бәсі биік екенін аңғартып, орындау шеберлігімен озық танылған жас таланттар марапат мінберінен көрінді. Ә дегеннен-ақ, асқақ диапозонымен әннің табиғатын терең меңгерген қожакенттік Әділбек Ержігіт бас жүлдеге лайық екенін көрсетті. Сазгердің туған жерінен келген дуэт намысты қолдан бермей, Аманбай Өтебаевтың барлық шығармашылығын жатқа білетінін білдіріп, бірінші орынға ие болды. Байқаудың көркін келтірген қожамберділік Әбдіқадір Әбдірашитов сазгердің сазды әнімен көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, екінші орынға тұрақтады. Болашағынан үлкен үміт күттіретін жас Бауыржан Құрманбай үшінші орынды місе тұтты.
Бәсі биік байқауда сазгердің туыстары мен бірге қызмет еткен әріптестері тебірене сөз сөйледі. Арман мәдениет үйінің директоры Күләндә Әбілтанова байқауды өткізудегі мақсатын, сазгердің қарым-қабілеті жайында әңгіме өрбітті. Ол: «Аманбай Өтебаевтың 100-ден аса туындыларын қазақ сахнасында белгілі әншілер орындап жүр. Бұл – біз үшін мақтаныш», – деді. Сазгердің ел біле бермейтін сырын айтып, ерекше қырларын ашқан Нұрсұлтан Өтепбергенов, Алмас Қалдыбаев әңгіме өрбітті. Рухани- мәдени шараның соңында сазгердің шәкірті Алтын Арғынбай «Ағаға арнау» өлеңін оқып, кешті қортындылады.

Мақпал МАРҚАБАЙ.
27 ақпан 2018 ж. 1 868 0