№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жаңа әлемнің кілті – мұғалім қолында

Жаңа әлемнің кілті – мұғалім қолында


Жаңа жылдан бастап күшіне енген "Педагог мәртебесі" туралы заң өзінің толыққанды талапшылдығымен де, ұлт тәрбиесіне қатысы бар тұлғаларды қанатының астына алған жан-жақты қамқорлық-қолдауымен де сол саланың иелерінен бұрын қалың бұқараны қатты қуантып отыр.Ұстазды пір тұтқан, алдын кеспеген ұлағатты ұлттың ұрпағымыз. Сол алдымызда жүрген жандардың баршасына бірдей мемлекеттік деңгейде мәртебе беріліп, құрметті тағына қондырылуы қай жағынан ойлап қарағанда да әділеттілік. Өйткені олардың қолында жаңарған әлемнің кілті тұр.


Аудандық «Жаңақорған тынысы» газетінің редакциясында өткен «Ұстаз мәртебесі» заңын жан-жақты талқылауға арналған дөңгелек столда бас қосқан сала басшылары, ардагер ұстаздар мен жаңашыл педагогтар осы тақырып төңірегінде өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Мейірхан Оспанов,
аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары:

– Педагог мәртебесі туралы Қазақстан Республикасы Заңы өткен жылдың соңында тиянақталып, жаңа жылдан бастап күшіне енді. Ол 21 баптан тұрады.
Қ.Р. Педагог мәртебесі туралы заңнамасы орта білім беретін мектептер ғана емес, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің құқықтық-заңдық тетіктерін теңестірді. Бұрын мектеп мұғалімдері 56 күн демалса, балабақша қызметкерлері 42 күн демалып, бұл алшақтық неліктен деген сауал туындайтын. Енді заң жүзінде бұл айырмашылық жойылды. Барлық педагогтар бірдей 56 күн және оған қоса экологиялық 9 күн қосылып, 65 күн демалады. Ұстаздардың апталық жүктемесі 18 сағаттан 16 сағатқа төмендетілді. Бірақ төленетін ақысы бірдей. Сонда қай пәнді қысқартуға болады? Бұл ретте әр мұғалім өз пәнін қорғауы да негізсіз емес.
Кеше өткен дәстүрлі Тамыз мәслихатына алғаш рет ел Президентінің өзі қатысуы тарихи оқиға. Ол кісі сол жиында алдағы 4 жылда ұстаздар жалақысын 2 есеге арттыру жөнінде тапсырма берді. 2 қыркүйек күні халыққа арнаған Жолдауында осы жылдың қаңтарынан бастап мұғалім жалақысын 25 пайызға көтеру жөнінде нақты тапсырма беріп, ол жүзеге асырылуда. Ал 4 жылда 100 пайыз қосылады деген сөз.
Тағы бір мүмкіндік, магистр дәрежесіндегі ұстаздарымызға 10 а.е.к (2,651*10) айырмасындағы артық жалақы қосылатын болды.
Одан бөлек, дәптер тексеру, сынып жетекшілікке ақы төлеу екі есеге арттырылды.
Орта білім беру жүйесінде санаттарға тоқталсақ, аттестациядан өткен соң педагог модератор (ІІ санатты жобасында) педагог сарапшы (бұрынғы І-санат) педагог-зерттеуші (жоғарғы санат), шебер-педагог (бас педагог санатында). Бұл санаттар бойынша жалақыға 30 пайыздан 50 пайызға дейін үстемақы төленеді.
Заңда көрсетілген тағы бір қолдау – ұстаздарды тұрғын үймен қамтуда көп жеңілдіктер қарастырылған.
“Дипломмен – ауылға” бағдар­ламасы бойынша елді мекендерге білім, денсаулық, әлеуметтік, ветеринария саласы бойынша жас мамандарға бір реттік берілетін көтерме қаржысы бар, ол 100 а.е.к деңгейінде яғни (2,651*100=265 000), оның 1,500 еселенген мөлшері – 4 млн-ға жуық қаржыны он жылға 0,01 пайызбен тұрғын үй салуға немесе сатып алуға беріледі. Бұл, бір жағынан ауылдық жерлерге маман тартуға бағытталып отыр.
Заңда педагогтарды өзінің міндетті жұмысынан тыс науқандық жұмыстарға еріксіз қатыстыруға рұқсат берілмейді.
Айту керек, заң бірыңғай педагогті моральдық және материалдық жағынан көтермелеуден ғана тұрмайды. Педагогтардың міндеттері атап көрсетілген.
Педагог өз қызметінде тиісті кәсіптік құзыреттерді меңгеруге, оқыту мен тәрбиелеудің педагогтік қағидаттарын сақтауға, оқыту мен тәрбиелеудің сапасын мемлекеттік білім беру стандартында көзделген талаптардан төмен емес деңгейде қамтамасыз етуге, педагогтық әдепті сақтауға, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өмірлік дағдыларын, құзыреттерін, шығар­машылық қабілеттерін дамытуға және саламатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға, тағы да осы тектес тәлім-тәрбие шеңберіндегі міндеттерді жүзеге асырады.
– Осы орайда сұрақ туады. Барлығымыз да ұстаз алдынан шықтық. Мұғалімнің елдің баласы үшін еткен өлшеусіз еңбегінің шынайы куәгеріміз. Енді осы ақ, адал еңбектің әділ қайтарымындай ұстаз еңбекақысының еселеп артуы бізді де қуантып отыр.
Осы ұстаздық қызметпен қатар тағы да бір бөтен кәсіптің құлағынан ұстап, қос бірдей міндеттілікті арқалап жүретін талапкерлердің мәртебесіне мін түсуі мүмкін бе?
М.Оспанов: Мемлекеттік қызметкерлерден басқа мамандық иелері санатында мұғалімге де жеке кәсіпкерлікпен айналысуға шектеу қойылмайды. Бірақ жалпылай келгенде, елдің жүрегіндегі орныққан ұстаз бейнесі, ол бүтіндей болмысын бала бақытына бағыштаған тұлға. Көпшілік педагогтің осындай эмоционалдық күш-қуаты, алдындағы шәкіртіне деген махаббаты, айналып келгенде жүрегі қалап таңдап алған мәртебелі мамандығына деген шынайы сүйіспеншілігі шешуші күшке ие. “Сананы тұрмыс билейді”, дегенмен де жүрек қалауы салтанат құрған жерде интеллект алға шығады.
“Ұстаз мәртебесі” заңында өзінің кәсіптік шеберлігін, зерттеу, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруді мақсат еткен педагогке айлық есептік көрсеткіштің кемінде 300 еселенген мөлшерінде сыйақы түрінде қосымша ынталандыру төлемдерін белгілеуге құқылы.
Осындай қолдауға арқа сүйегеннің төл кәсібіне адалдығы бәрінен маңызды.
Педагогтің аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін оған мемлекеттік наградалар, оның ішінде “Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы” құрметті атағы беріледі. Бұл атаққа ие болған тұлға айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінде біржолғы төлем алады.
Білім алушылар мен тәрбие­ленушілер арасындағы халық­аралық олимпиадалардың, конкурстардың және спорттық жарыстардың жеңім­пазын тәрбиеле­ген педагогке үш лауазымдық айлықақы мөлшерінде бір жолғы сыйақы төленеді. Жыл сайын республикалық бюджет қаражаты есебінен “Үздік педагог” атағын иеленушіге ел Үкіметі айқындайтын мөлшерде сыйақы төленеді.
– Маңдайалды мектеп имиджін мақтаулы мұғалім қалыптастырады. Осындай өз ісіне шын берілген білікті педагогтарды танып, жұмысқа қабылдауда қандай шарттарға сүйенуге болады?
– Мұғалімді жұмысқа қабылдау автоматтандырылды. “Еңбек” бир­жасы сайтында бастауыш сынып мұғалімі керектігін салды делік, осы жерге үміткерлер құжатын тіркейді, содан соң өз пәнінен тест тапсырады. Талапкердің еңбек өтілі, санатынан бұрын осы сынамада жинақтаған балы шешуші роль атқарады.
– Бір мекемеге жауапты маман қабылдау тәжірибесінен түйгеніміз бар еді, арнайы комиссия жасақталып, (соның құрамында БАҚ өкілдері ретінде ендік) бірнеше үміткерлердің білім-білігін сараптауда келе,­шек қызметіне қатысты ең жеңіл сұрақтан бастап күрделі тапсырмаларға дейін сынақтан өткізіп, бос орынға сақадай сай кадрды осындай тәсілмен жазбай танып, он адамнан ішінен таңдаулыны тағайындаған еді. Осы үлгіні мектеп өміріне ендіру алдымен білімді тәлімгерді тануға, сол арқылы болашақ білімді ұрпақ қалыптасуына алып баратын төте жол болуы мүмкін бе?
М.Оспанов: – Кез келген педа­гогтің біліміне, деңгейіне шүбә келтіру педагогикалық этикаға жат саналады.
Оның үстіне әрбір ұстаздың өзіндік бір ерекшеліктері де болады.
Мен 1994 жылы Алматыдағы Жәутіков атындағы мектепті бітір­генмін. Сол мектепке 8-сыныпта қабылдандым. Сынып жетекшіміз математика пәні мұғалімі еді. Есептен бақылау жазып, “3” алудан аспайтын едік. 9-10 сыныпта “4” алатын болдық. Ал 10-11 сыныпта ұстазымыздың бізден білімі төмен екенін байқай бастадық. Ұққанымыз, ол кісі сабаққа өте үлкен дайындықпен келіп, жаттанды қағидадан аспаған екен. Бірақ өзінің методикасының мықтылығымен бізді биік деңгейге жеткізе алғанын түсіндік. Оған дейін құлдай табынып келген тұлғамыз соншалықты мықты болмағанымен шебер методикасы арқылы біздің ынта-ықыласымызды оята алыпты. Оған әрбіріміздің өз бойымыздағы даралық қосылып тың қасиетке арна тартқандай. Сондықтанда берілген есеп жауабын 8 оқушы ол кісінің трафаретінен бөлек 8 түрлі тәсілмен шығаратын деңгейге жеттік. Яғни, ұстаздан басып оздық. Бірақ бәрібір біздің осындай деңгейге жетуімізден мұғалімнің математиканы меңгерту методикасының жемісін көруге болар еді. Сондықтан ұстазға өз пәнінің жетік білу аз, сол білгенін балаға беру тәсілінде тәлімгерлік табиғаттың болмысы бір бөлек.
Заңда тәлімгерлік мәселесі де атап көрсетілген. Енді тәлімгерлерге кімдер тағайындалады. Қанша көлемде жалақы белгіленеді?
Тәлімгер сол пәннен беретін мұғалім болу керек пе, стажы, санаты, жетістіктері маңызды ма, критерийі белгіленеді, содан соң бұйрық шығатын болады.
Тәлімгер қарауындағы пән мұғалімі үшін жауапты да болуы мүмкін.
Тәлімгерлік туралы 13-бапта былай атап көрсетілген. Орта білім ұйымдарында кәсіптік қызметіне алғаш рет кіріскен педагогке бір оқу жылы кезеңіне тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагог бекітіліп беріледі.
08 ақпан 2020 ж. 607 0