№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Жаңашыл 7 жоба


Аймақтағы билік жұмысының көрсеткіш критерийінің бірі – жергілікті жердегі кәсіпкерлердің санымен, өндірістің дамуымен бағаланатынын ескерсек, кәсіпкерлікті демеуге ден қойған Сыр өңірі республикада көш басында келеді.

Расында, орталық биліктің күш-қуаты аймақтарда. Облыс­тың әлеуметтік-экономи­калық аху­а­л­ы артса елдің де еңсесі тіктеліп, бәсекеге қабілеттілігі жоғарылай түседі. Ал Жаңақорған ауданы белсенді кәсіпкерлер арасында алдыңғы қатарда. Сондай-ақ аудан әкімінің есепті кездесуінде белгілі болғанындай, Жаңақорған ауданы бойынша Индустриялық-инновациялық дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында респуб­ликалық индустрияландыру картасына 1 жоба енген. Ол – «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ-ның жылдық қуаты 4 млн тонна кен байыту фабрикасын салу жобасы. Қолда бар дерекке сүйенсек, Шалқия кенішінде 2020-2021 жылдары қуаты 2 млн тонна, ал 2022 жылдың соңында қуаты 4 млн тонна кен байыту фабрикасы іске қосылады деп жоспарлануда. Жоба құны 235 млрд теңге. Құрылыс-монтаж жұмыстарына 1500-дей адам жұмысқа тартылатын болады. Жоба толық іске қосылғанда 1540 адам жұмыспен қамтылады.
Ендігі кезекте өңірлік индус­трияландыру картасына енген жаңашыл 7 жобаны жеке-жеке жіктеп айтып, тізбектесек.
Бірінші, «Қызылорда AGROPlus» ЖШС-нің қуаты жылына 24000 тонна томат пастасын өндіру жобасы. Бұл жобаның құны 8877 млн. теңгені құрайды. Бүгінгі таңда 2995 гектар жер Бесарық өңірінен рәсімделіп алынған. Ашылатын жұмыс орны – 150 адам. Іске асыру уақыты 2019-2020 жыл. Бұл жоба 2019 жылы 31 қазанда өңірлік үйлестіру кеңесінде қаралып, 2020 жылдың 1 қазанына дейін зауыт құрылысының жұмыстарын бастау керек екендігі ескертілген. 2019 жылдың қараша айында жерге аяқ су жеткізу үшін жобалық сметалық құжат әзірленіп, дайындалу үстінде екені белгілі болды.
Екіншіден, «Қуат Әк» ЖШС-нің жылдық қуаты 20 мың тонна әк шығаратын зауыттың жобасы. Жобаның жалпы құны 100 млн теңге. Ашылатын жұмыс орны 15 адам. Бұл жоба биыл іске асырылады деп жоспарлануда.
Үшіншіден, «Қуат керамзит» ЖШС-нің керамзит құрылыс материалдарынан кірпіш және блок шығару жобасы. Жылдық қуаты 3 млн дана блок шығару. Ашылатын жұмыс орны 20 адам және жобаның жалпы құны 130 млн теңге. Бұл жоба 2020 жылы іске асырылады деп жоспарлануда. Айта кету керек, керамзит кірпіш өндіретін бірден-бір зауыт Талдықорғанда ғана бар екен. Себебі, бентонитті саз балшық тек сол қала аумағынан табылады дейді мамандар. Ал бізде Кейден ауылдық округіне қарасты Аққұм елді мекенінде бентонитті саз балшық бар.
Төртіншіден, «Мелиоратор» ЖШС-нің Гиперпрессиялау әдісімен бұйымдарды өндіру зауытының жобасы. Жылдық қуаты 250 мың шаршы метр тротуарлық плитка, 1,7 млн дана бордюр шығарады. Ашылатын жұмыс орны – 20 адам. Жобаның жалпы құны 280 млн теңге. Бұл жоба 2020 жылы іске асырылады деп жоспарлануда.
Бесіншіден, «Мелиоратор» ЖШС-нің темір-бетонды құбыр бұйымдарын шығаратын зауыттың жобасы. Жылдық қуаты – 18 мың дана құбыр шығару. Ашылатын жұмыс орны 26 адам. Жобаның жалпы құны 435 млн теңге. Бұл жоба 2020 жылы іске асырылады деп жоспарлануда.
Алтыншыдан, 2020 жылы «Орда - Сығанақ» ЖШС шипажайы толық іске қосылады деп жоспарлануда. Жоба құны 850 млн теңге. Ашылатын жұмыс орны 60 адам. Айта кету керек, жаңа шипажайда Бөрітескеннің шипалы балшығы негізінде сүйек-буын және перифериялық жүйке жүйелерінің аурулары, гинекологиялық, урологиялық, асқазан, бауыр, ішек, өт жолдары аурулары және т.б емделетін болады.
Жетіншіден, «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» көлік дәлізі бойында В санаттағы «Жан-Арай» ЖШС-ң жол бойы қызмет көрсету кешенінің құрылыс жұмыстары 2020 жылы аяқталып іске қосылады. Айта кететіні, бүгінгі таңда инвестор 10 гектар жерге 3 түрлі алма бағы егіп, қосымша 30 гектарды нақтылап, бау-бақша егуге дайындауда.
Қорыта айтқанда, Президент Жолдауында жергілікті жерлерде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытып, тұрғындарды жұмыспен қамтуға баса назар аударылып келеді. Оған қоса, Қызылорда облысында үш жыл бойы «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жарияланды. Белсенді бастама аясында өңірде кешенді «Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың Жол картасы» қабылданды. Міне, мемлекеттік қолдаулардың аясында Жаңақорғанда ашылатын жаңашыл бағыттағы 7 жоба да алдағы уақытта ел игілігіне пайдалануға беріліп, халыққа қызмет көрсететін болады.

Самат ОҢҒАРҰЛЫ
05 ақпан 2020 ж. 678 0