Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ САНЫ АРТТЫ

НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ САНЫ АРТТЫ


Аймақтағы билік жұмысының көрсеткіш критерийінің бірі – жергілікті жердегі кәсіпкерлердің санымен, өндірістің дамуымен бағаланатынын ескерсек, кәсіпкерлікті демеуге ден қойған Сыр өңірі республикада көш басында келеді.


Осы тұста, Жаңақорған ауданының кәсіп­керлік саласында алты айда бағындырған белесін бағамдасақ. Аудан әкімі Ғалым Әміреев жұмысының негізгі бағыты ретінде; кәсіпкерлікті дамыту, ауылдың экономикасын әртараптандыру, ауылшаруашылығы саласына инновациялық технологияларды енгізу мен агро-индустриялық аймақ құру, инвестиция тарту, жұмыссыздық деңгейін төмендету барысына батыл қадам жасады. Әсіресе кәсіпкерлік саласына айрықша көңіл бөліп, ынталы кәсіпкерлердің бизнесін бастауға қолайлы жағдай жасады. Міне, соның нәтижесінде бұл салада облыста көш басындамыз.
Ауданның кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінен алған мәліметке сүйене отырып, алты айлық көрсеткіштің қаржылай қолдау бағытындағы атқарылған жұмысқа тоқталсақ. 2019 жылдың 6 айында тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 608 бірлікке жеткен. Аудан бойынша халық санына шаққанда тіркелген кәсіпкерлер үлесі 4.8 пайызды құрап отыр.
Сондай-ақ «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту, Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына сәйкес ауданда үстіміздегі жылы 300 жоба бойынша несие алу жұмыстары жоспарланып отырғаны белгілі болды.
Осы бағдарламаның ІІ-бағыты «Бастау Бизнес» жобасына бүгінгі таңға 274 адам оқуға өтініш беріп отыр. Ал осы жобаға биылғы жылы 120 адам оқыту жоспарланған. Облыстық кәсіпкерлер палатасының Жаңақорған аудандық филиалының жоспарына байланысты 15 наурыздан оқу басталды. Бүгінгі таңда 80 адам оқуын бітіріп жобаларын қорғап, тиісті сертификаттарын алған.
Оған қоса, «Бизнес Кеңесші» жобасына биылғы жылы барлығы 90 адамды оқыту жоспарланған. Бүгінгі таңда 64 адам оқып сертификаттарын алыпты.
Ендігі кезекте, несиелендіру бағытында атқа­рылған шаруаға тоқталсақ.
Біріншіден, «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы аясында 456,9 млн. теңгенің 91 жобасына несие алынған.
Екіншіден, «Микробизнес-Кызылорда» бағдар­ламасы арқылы 52,5 млн. теңгенің 11 жобасына несие алынған.
Үшіншіден, «Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау арқылы құны 122,9 млн. теңге болатын 7-жоба несиемен қаржыландырылған. Ал құны 384,9 млн. теңгені құрайтың 3 жоба бүгінгі таңда екінші деңгейлі банктерден мақұлданып, ары қарай «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорында қаралып жатқаны белгілі болды. Ал құны 15 млн. теңге болатын 2 жоба екінші деңгейлі банктерде қаралуда екен.
Оған қоса, «Қамқоршы» несие серіктестігі арқылы барлығы 183,2 млн. теңгенің 20 жобасы несиелендірілді.
Сонымен қатар, 2019 жылдың жарты жылдығында Жаңақорған кентінде жоба құны 180 млн. теңге құрайтын «Қара-Бура» сауда орталығы, жоба құны 120 млн. теңгені құрайтын «1Тиын» сауда үйі және жоба құны 70 млн. теңгені құрайтын «Арон» қонақ үйі іске қосылды. Осы жобалар қазіргі таңда жиырма дан астам адамды жаңа жұмыспен қамтып отыр.
Үстіміздегі жылдың 29 сәуір және 3 мамыр аралығында ауданда Халық банк, Сбер­банк, АТФбанк, ForteBank, Цеснабанк, Евразиялық банктерінің өкілдерінің қатысуымен «Қарапайым заттар экономикасы» және басқа да бағдарламаларға байланысты несиелендіру бойынша үлкен мәжілістер өткізіліп түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Осымен бірге осы жиындарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысы түсіндіріліп, басым жобаларға кредит беруге арналған тауарлар тізбесі таныстырылған.
Қазіргі таңда ауданда осы басым жобалар бойынша 120 дан астам жоба іріктеліп, несие алуға байланысты жұмыстар жүргізіліп жатыр екен. Әрине, ауданда кәсіпкерлік саласын дамытуда атқарылған жұмыстар, жеткен жетістіктер мен қатар атқарылар жұмыстар өте көп. Осыған орай «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» аясында іске асырылатын жаңа жобаларды қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы халықтың әл-аухатын жақсарту, салықтық базаны көбейту, және басқа да кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымдарын дамыту жұмыстары халықтың кәсіпкерлікпен айналысуына одан әрі жағдай жасай беру кәсіпкерлік бөлімінің басты бағыты болып қала бермек.
Түйіндей айтқанда, бұл Жаңақорған ауданының кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік қаржылай қолдау бағытында 6 айда атқарған шаруа. Алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындырып, өңірдегі көш басшылық көрсеткішті сақтап қалады деген сенім мол.

Әбдісамат ӘБДІШ
16 шілде 2019 ж. 673 0