№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ӨҢІРЛІК ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ КАРТАСЫНА ЕНГЕН ЖОБАЛАР

ӨҢІРЛІК ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ КАРТАСЫНА ЕНГЕН ЖОБАЛАР

Сұлтан Ысқақұлы өңірлік индустрияландыру картасына енген жобаларды жеке-жеке жіктеп айтып берді. Бірінші кезекте, «Қызылорда AGROPlus» ЖШС-нің жылына 24000 тонна томат пастасын өндіру жобасы, жоба құны 8877 млн. теңге. Бүгінгі таңда 2995 гектар жер Бесарық өңірінен рәсімделіп алынды.

Ашылатын жұмыс орны 150 адам. Іске асыру уақыты2019-2020 жылдар. Бұл жоба31.10.2019 жылы өңірлік үйлестіру кеңесінде қаралып 2020 жылдың 1 қазанына дейін зауыт құрылысының жұмыстарын бастау керек екендігі ескертілді. 2019 жылдың қараша айында жерге аяқ су жеткізу үшін жобалық сметалық құжат әзірленіп, дайындалуда.
Екіншіден,  «Қуат Әк» ЖШС-нің жылдық қуаты 20 мың тонна әк шығаратын зауыттың жобасы. Жобаның жалпы құны 100 млн теңге. Ашылатын жұмыс орны 15 адам. Бұл жоба 2020 жылы  іске асырылады деп жоспарлануда.
Үшіншіден, «Қуат керамзит» ЖШС-нің керамзит құрылыс материалдарынан кірпіш және блок шығару жобасы. Жылдық қуаты 3 млн дана блок шығару. Ашылатын жұмыс орны 20 адам және жобаның жалпы құны 130 млн теңге. Бұл жоба 2020 жылы  іске асырылады деп жоспарлануда.
Төртіншіден, «Мелиоратор» ЖШС-нің Гиперпрессиялау әдісімен бұйымдарды өндіру зауытының жобасы. Жылдық қуаты 250 мың шаршы метр тротуарлық плитка,   1,7 млн дана бордюр шығару. Ашылатын жұмыс орны 20 адам. Жобаның жалпы құны 280 млн теңге. Бұл жоба 2020 жылы  іске асырылады деп жоспарлануда.
Бесіншіден, «Мелиоратор» ЖШС-нің темір-бетонды құбыр бұйымдарын  шығаратын зауыттың жобасы. Жылдық қуаты 18 мың дана құбыр шығару. Ашылатын жұмыс орны 26 адам. Жобаның жалпы құны 435 млн теңге. Бұл жоба 2020 жылы іске асырылады деп жоспарлануда.
Алтыншыдан,  2020 жылы «Орда - Сығанақ» ЖШС шипажайы толық іске қосылады деп жоспарлануда. Жоба құны 850 млн теңге. Ашылатын жұмыс орны 60 адам.
Жетіншіден, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізі бойында В санаттағы «Жан-Арай» ЖШС-ң жол бойы қызмет көрсету кешенінің құрылыс жұмыстары 2020 жылы аяқталып іске қосылады.
02 ақпан 2020 ж. 773 0