№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 4-КЕЗЕҢ: БАР ҮМІТ СЕНДЕ

4-КЕЗЕҢ: БАР ҮМІТ СЕНДЕ


Жаңақорған кентіндегі көп талқыланатын тақырып – ауыз су құбырларын сапалы жүргізу турасында. Қазір жиын-тойлар мен әлеуметтік желілерде аудан тұрғындарының наразылығын естіп, көріп, оқып жүрміз...
Наурыз айында аудандық қоғамдық кеңес мүшесі Алшынбай Тұртанов, аудандық мәслихат депутаты Серік Абдуллаев, кент әкімінің орынбасары Баянбай Доспанбетов (сол кезде. авт) бастаған топ кентішілік ауыз су құбырының жүргізілу жөнінде рейдке шығып, мердігер компанияға сын-ескертпелер берді. Олар траншеяның ені мен тереңдігін өлшеп, құбырды көмгенде құм салуды және көлік пен жаяу жүргіншілерге кедергі келтірмейтіндей етіп жабуды тапсырды. Ең бастысы, қойылған құбырларға шөп шығып кетпеу үшін су жүргізуді ескерткен еді. Жауапты мекеме басшылары уәдені үйіп-төккенімен жағдайдың өзгергені шамалы.
Шілде айында аудан әкімінің орынбасары Адай Салыбеков, мәслихат хатшысы Ерғали Ілиясов, аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Есдәулет Сейілов, кент әкімі Әбунасыр Бекішов кезекті рет рейдке шығып, су құбырлары толық бітіп, сапалы аяқталмай қабылдау жұмыстары жүргізілмейтінін кесіп айтты. Енді мердігер және қосалқы компаниялар сапаға мән беретін болар. Нәтижесін уақыт көрсетеді.
Рейдтен кейін комиссия мүшелері ауыз су жүйесін орнатушы мердігер жəне технадзор мамандарды жинап, нақты тапсырмалар берді. Яғни, айдың аяғына дейін Алдамжар, Пахырдинов көшесін қалпына келтіру, Алтыкранттағы 1, 2, 3 көше және Жаңауылда су құбыры жүйесі біткен. Енді үйлерге су келіп тұр ма? Соңы тексеру қажет. Одан кейін жұмыстың сапасы белгілі болатыны айтылды.   
Кеше кент әкімі Әбунасыр Ақайдарұлы әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығып, су құбырларын жүргізілу барысы қатаң бақылауда екенін меңзеді.
– Алдымен өзекті мәселерді зерттеп, зерделеу, сосын оның шешілу жолдарын қарастыру жұмыстарын жүргіздім. Сауалнамаларға қарағанда, кент тұрғындары ауыз су құбырларын сапалы жүргізуге алаңдайтынын білдім. Оның үстіне, кейбір көшелерге аяқ су жеткізілмеген. Бұл – бір-бірімен ұштасқан өзекті мәселелер, – деді бір ай бұрын кенттің тізгінін ұстаған әкім.
Оның сөзінше, бірқатар көшеге аяқ суды жеткізетін арықтар салынбаған. Бірақ, басқа жолдармен суды жеткізуге болады. Қазір кейбір тұрғындар ауыз су алуда насос қосады. Бұл құбырдың ішіндегі су қысымын төмендетеді. Соның салдарынан кенттің шеткі көшелеріне су жеткілікті деңгейде бармайды.
– «Арал» салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы» (СЖКБД) филиалы, аудандық мәслихат және «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалымен бірлесе комиссия құрылды. Енді атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын ұдайы бақылауда ұстаймыз. Жаңақорған кенті тұрғындарының ауыз сумен толық қамтамасыз ету бізге байланысты, – дейді ол.
Осыған дейін ауыз сумен қамтудың үш кезеңде жүргізілді. Бірақ, халық суға қарық болмады. Ендігі үміт 4 млрд. теңге жұмсалатын 4-кезеңде. Бүгінде тұрғындар ауыз судың сапалы жүргізіліп, үй-үйге жететінінен үмітті. Тек жүргізілген құбырлардан көшелер ойық-шұқыр болып жатқанына наразы. Тіптен, Зұлпыхар Мұсаханов, Құрманғазы Сағырбайұлы, Сұлтанбек Қожанов, Аманкелді Иманов және т.б көшедегі қазу жұмыстары көлік қозғалысына кедергі келтірді. Қазір тарылған көшелерде жол-көлік оқиғалары жиі-жиі орын ала бастады. Қанша жылдан бері асфальт жолға зар болған Пахридинов көшесінің тұрғындары қайта жөнделетініне күмәнмен қарайтынын жасырмады. 
– Алдағы уақытта көше комитетінің төрағаларымен бірлесіп жұмысты күшейтіп, кемшіліктерді жоюға күш саламыз. Бүгінде кентте жүргізілген құбырлар арқылы 3000 куб су жіберілуде. Бұл – күніне кент тұрғындарына 200-280 литр судан келеді деген сөз. Бірақ, суды егіс-жайға пайдаланудың нәтижесінде толық жетпей жатыр. Неге десеңіз, аудан орталығына қыста 600-700 куб су жеткілікті болады, – деді кент әкімі.
Айтқандай, Жаңақорған кентінің тұрғындары әлеуметтік желінің белсенді қолданатындарын кент әкімі тікелей эфирге шыққанда аңғартты. Тұрғындар су жүргізуден бөлек, көше жарығы, шеткі көшелерге қиыршық тас төсеу және т.б бойынша сұрақтар қойды. Бұл мәселелер алдағы уақытта...
Р.S.: ХХІ ғасыр – ауыз су дәуірі. Уақыт өткен сайын судың құны мұнайдан да қымбаттап, оған мұқтаждық арта береді. Бізде «Талап-Сырдария» және «Жиделі» топтық су құбыры мен Қызылқұмның астындағы тұщы су қоры бар. Бірақ, суды үнемді, ысырапсыз қолдану мәдениетін қалыптастыру қажет-ақ. Ал, қазіргі міндет 4 млрд. теңге бөлінген 4-кезеңді сапалы жүргізуді басшылыққа алу. Себебі, бұдан кейін су жүргізуге қомақты қаржы бөлінбейтіні ақиқат.
Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
14 шілде 2018 ж. 1 282 3

Гость Jeahulalf от 11 ақпан 2019 00:33
Buy Viagra Gold generic cialis from india Cialis 20mg Uk Benefits Propecia

Гость Jeahulalf от 2 наурыз 2019 19:19
Propecia Eficacia 1 Mg viagra Weight Loss Orlistat Medical Fl Comprar Viagra Sin Receta Medica Generic Propecia 2 Mg

StevBlubof от 8 мамыр 2019 00:49
Priligy Mutuabile Cialis 10 E 20 Mg viagra online prescription Viagra Online Purchase Usa Rogaine Con Propecia Pfizer Viagra